Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Саяхатшылар қатары артып келеді
Кейінгі жылдары Атырау облысына туристердің қызығушылығы арта бастады. Биылғы жылы бұл өңірге 83 мыңнан астам адам саяхаттап келді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 19%-ға көп.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Майра Ілиясова: Дәстүрлі ән – ұлт рухының тірегі
Қашан көрсең де жайдары қалпынан бір танбайтын Майра апайдың мамыражай мінезіне үйренген біз, бұл жолы телефон шалып, сұхбат құрғымыз келгенін айтқанда: «Осы «Egemen Qazaqstan» журналистері маған өкпелі ме екен? Көптен бері хабарласпай қойды ғой» деп жүр едім, қоңырау соққаның жақсы болды», деп тұтқаның арғы жағынан назы мен ілтипатын қатар білдірген әнші кездесу орнын белгіледі. Сөзінің де, сазының да бабы келіскен өнер иесі шешіліп сыр ашты. Жансарайының сәулесімен көңілімізге көктем сыйлады. Өзі сияқты әңгімесі де әдемі әнші бүкпесіз ақтарылды.
Кино • 21 Қараша, 2025
Астанада «КОБА» сериалының премьерасы өтті: қазақы нуар қалай жасалды?
Астанада «КОБА» атты жаңа қазақстандық криминалдық драманың офлайн-премьерасы өтті. Сюжеттің негізінде сүйіктісінің жұмбақ өліміне қатысты істі тергеп, қылмыстық топтың ізіне түсетін арнайы қызмет маманының хикаясы көрсетіледі. Сериалды Кинопоиск платформасынан эксклюзивті түрде көруге болады.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Бельгиялық журналист – туризм елшісі
Еліміздің Бельгиядағы елшілігінде елші Роман Василенко «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы атынан «Қазақстан Республикасы туризмінің елшісі» құрметті миссиясын журналист Дерья Сойсалға тапсырды.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Бұл 150 жылдан астам тарихы бар көне сурет – Көкпекті, Тарбағатай, Зайсан өңірлерінің төре-сұлтандары мен болыс, билерінің, сондай-ақ орыс-қазақ мектептерінде білім алған жастардың тарихи келбетін сақтаған құнды дерек.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Жәңгір ханның Бөкейлік экономикасын дамыту үшін қолға алған бастамасының бірі – Хан ставкасындағы жәрмеңке еді. Бұл ХІХ ғасырдағы ірі сауда алаңының бірі болды.
Білім • 21 Қараша, 2025
Өзге салалармен қатар білім жүйесінде де бірталай жылдан бері түбегейлі өзгеріс, тың ізденіс, жаңаша бетбұрыс жүріп жатыр. Бүгінде мұғалімге қойылатын талап басқа. Ұстаз баланы жалаң жаттауға емес, пән мазмұнын жан-жақты зерделеп, оны өз қажетіне жаратып, ой-өрісін дамытуға бағыттай алуы керек. Жас өскіннің алғыр, адал, еңбекқор, елшіл болып қалыптасуы да көбіне-көп мектепке, ұстазға байланысты. Бүгінде Мемлекет басшысынан бастап, бүтіндей қоғам болып мұғалім мәселесіне баса мән беріп, оның мәртебесін биіктетуге, ұстаз адамның төрдегі орнын қайтарып беруге ұмтылыс жасалып жатқаны да осыдан болса керек.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Қадыр ақынның жары Салтанат апайдан көлемді сұхбат алып болған соң, қайтуға сыртқа беттеп бара жаттым. Кенет, «сен де бірдеңе жазатын баласың ғой, ә?» деген жылы дауыс естілді. Жымиып «иә» деп жауап бердім. «Онда бері келші, ағаңның жазу кабинетіне кел», деді де ішке қарай қайта шақырды.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Осы аптада Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Анкарадағы штаб-пәтерінің салтанат залында «Олжас Сүлейменов. Масштаб. Планета. Жер» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Білім • 21 Қараша, 2025
Телефонға тыйымның шешімі айыппұл ма?
Енді бала сабақта телефон қолданса, ата-анасына айыппұл салады екен. Осындай ақпарат қоғамда қызу талқыға түсті. Әркім сан-саққа жүгіртіп әлек. Бұған Оқу-ағарту министрлігінің өз уәжі бар. Жаңа талап түйткілдің түпкілікті әрі тиімді шешімі бола ала ма? Тарқатып көрелік.
Руханият • 21 Қараша, 2025
«Алқа» – Алаш ақын-жазушыларының алғашқы ұйымы
Астана қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Қаламгер ұстаханасы» жобасында әдебиеттанушы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Қазақ газеттері» серіктестігінің директоры Дихан Қамзабекұлы қонақта болып, «Алқа» – Алаштың әдеби-мәдени тұжырымдамасы» атты тақырып аясында қоғамдық лекция оқыды.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Әзербайжан Орталық Азияның әлеуетін арттырады
Жақында Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының жетінші консультативтік кездесуі өтті. Аталған жиында Әзербайжан Республикасының Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуінің толыққанды қатысушысы ретінде шешім қабылданды. Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан президенттері бұл шешімді тарихи сәт деп атап, Оңтүстік Кавказ елін ресми түрде қатарына қосты. Сарапшылардың айтуынша, Баку бұл форматқа жаңа серпін береді, екі стратегиялық маңызды аймақ арасындағы сауда, инвестиция, мәдени байланыстардың ауқымы кеңейіп, одан әрі дами түседі.
Білім • 21 Қараша, 2025
Биыл облыста «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 2 700 орынға арналған төрт мектеп іске қосылды. Енді 500 орындық Оқушылар сарайы ашылады деп жоспарланып отыр.
Саясат • 21 Қараша, 2025
Президент дипломатиясы: Бейбіт саясаттың берекелі нәтижесі
Кез келген мемлекетті жаһандық үдерістерден бөлек қарастыру мүмкін емес. Экономикалық әрі стратегиялық мақсаты айқын елдің алыс-жақын шет мемлекеттермен байланыс орнатуы – заңдылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұхиттың арғы жағасы мен бергі бетінде тығыз қарым-қатынас орнатып, ел мүддесі үшін сапарлар жасауы – осының бір дәлелі.
Заң мен Тәртіп • 21 Қараша, 2025
Киберқылмыс пен интернеттегі алаяқтықпен күресу үшін жаңа цифрлық шешім кеңінен қолданылып жатыр. Күдікті транзакцияларды автоматты түрде анықтайтын алгоритмдер жасанды интеллект көмегімен қолданылады. Сонымен қатар Ұлттық банк пен Ішкі істер министрлігіне ортақ «Антифрод-орталық» жүйесі алаяқтық транзакцияларын дер кезінде бұғаттауға мүмкіндік беріп отыр. Осы бағытта «KazDream», «Seven Hills of Kazakhstan» мекемелері жасаған бағдарламалардың да көмегі көп.
Экономика • 21 Қараша, 2025
Жаңа экономикалық бағдардың мүмкіндігі
Ел экономикасындағы басты басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы мақсатта Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп, арнайы бағдарлама қабылдады. Табыс өсімі тұрақты болуы қажет деген ұстаныммен аталған құрылымдар өз саясатын біріктіріп отыр.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
«Біздерде мынадай бар, мынадай бар...»
Бүгінде бірін бірі орынсыз қолпаштау, жалпақтап жалған мақтау, орынсыз мадақтау, асыра дәріптеу етек алып бара жатқан тәрізді. Тіпті құрметті атақтар мен марапаттар бірте-бірте құндылығын жоғалтып бара жатқандай көрінеді.
Экономика • 21 Қараша, 2025
Шағын кәсіптен – іргелі бизнеске
Бүгінде шағын және орта бизнес саласын қолдауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл бағытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры іскерлерге жаңа мүмкіндік ашқанын айта кеткен жөн. Банк несиелерін субсидиялап, кепілдендіретін қордың көмегімен кәсіпкерлер қолжетімді пайыздық мөлшерлемемен несие алып, іс аясын кеңейтіп келеді. Мемлекет несиенің бір бөлігін субсидиялау арқылы кәсіп иелерінің қаржылық жүктемесін жеңілдетуі де кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз кәсіпкерлерге үлкен көмек болып отыр.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Өрісі кеңейіп, ырысы молайған өңір
Өнеркәсіп өндірісі – 129%, инвестиция тарту – 117%, құрылыс – 116%, ауыл шаруашылығы – 115%-ға өсіп, орташа айлық жалақы 403 мың теңгеге жеткен өңірді білесіз бе? Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп аймақтың бүгінгі тыныс-тіршілігіндегі жетістіктерді жіпке тізген маржандай етіп санамалап берді. Сын-қатерлерге қарамастан, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстар атқарып жатқанын айтқан облыс әкімі жеке кіріс 113%-ға ұлғайып, 195 млрд теңгеге жеткенін де мақтанышпен атады.
Саясат • 21 Қараша, 2025
Аймақтарды дамытуға бөлінетін қаражат ұлғаяды
Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен кезекті палата отырысы өтіп, депутаттар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады. Отырысқа Премьер-министр Олжас Бектенов, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.
Ауа райы • 21 Қараша, 2025
Тұман, көктайғақ: 21 қарашада ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 21 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Павлодар облысында 150 сыныптың оқушылары қашықтан оқуға көшірілді
Бұған балалар арасында суық тию және тұмау ауруларының көбейіп кетуі себеп болып отыр. Қазіргі уақытта облыста 14 жасқа дейінгі 32,8 мың бала ЖРВИ-ға шалдыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Қараша, 2025
Ер адамдар неліктен психологиялық көмекке сирек жүгінеді?
Британдық ғалымдар ер адамдар психологиялық көмекке неліктен сирек жүгінетінін зерттеді. Personality and Individual Differences журналында жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес, toxic masculinity яғни үстемдікке, қатыгездікке және сезімсіздікке бейім көзқарас ерлердің эмоциясын жасыру әдетін күшейтеді. Ал бұл, өз кезегінде, психологиялық қолдауға жүгінбеу тенденциясын тудырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қараша, 2025
Астанада 22 қарашадан бастап №82 жаңа автобус бағыты іске қосылады
22 қарашадан бастап Астанада жаңа №82 бағыттағы автобус қозғалысы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Он үшінші жалақы кімдерге беріледі?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлер қандай жағдайда сыйақы немесе «он үшінші жалақы» алуға үміт арта алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 20 Қараша, 2025
24 қарашадан бастап тұтынушылық несие алу қиындайды
Елімізде кепілсіз тұтынушылық несие алу қиындайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен бұл қаулы 24 қарашадан бастап күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Панфилов ауданы қарқынды дамып жатыр
Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында әлеуметтік сала нысандарын нығайту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Соңғы екі жылда денсаулық сақтау саласында 18 жаңа нысан салынып, 3 объекті жөнделді. Ауылдық жерге барған 17 дәрігерге жалпы 135 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, бұл медициналық кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Қараша, 2025
Екібастұз қалалық сотында өтіп жатқан «Майқайыңалтын» кенішіндегі қайғылы жағдай бойынша сот процесі жарыссөзге ұласты. Прокурор кінәлі тұлғалардың әрқайсысына 4 жылдан жаза тағайындауды сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 20 Қараша, 2025
Жетісу жеріндегі Кербұлаққа рекордтық инвестиция құйылды
Жетісу облысы құрылғаннан бері Кербұлақ ауданына 128 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 82,8 млрд теңгесі – жеке қаражат. Биылғы он айда ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Қостанай облысында 29 мектеп қашықтан оқуға көшті
Қостанай облысының мектептерінде ЖРВИ, тұмау жұқтырған балалар көбейіп кетті. Тұмаудың оқушылар арасында кең тарауына байланысты Алтынсарин ауданындағы Силантьев, Свердлов ауылының мектептері толықтай қашықтан оқу тәртібіне көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.