Синьхуа агенттігінің мәліметіне сәйкес, алғашында қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясында өтуі керек болған.
Алайда өткен айда Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен мәлімдемесінде жарыстың мерзімі кейінге шегерілгені белгілі болды.
АОК пен Қазақстан тарапы бейсенбі күні Италияның Милан қаласында қабылдаушы қала жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
Еске салайық, Азияның қысқы ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына 2022 жылы берілген еді.
Абдулла Батырбек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты