Өңірлік прокуратураның хабарлауынша, оның алдындағы басшыға және мердігерге қатысты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы кезінде орындалмаған жұмыстар үшін 451 млн теңге төлеу деректері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
«2025 жылғы қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша прокуратура тарапынан заңсыз мемлекеттік сатып алуларды 32 млрд теңгеге жою, бюджет қаражатының 24,1 млрд теңгеге негізсіз жұмсалуын болдырмау, 3 млрд теңге көлемінде залалды өндіру, 6,5 млрд теңге сомасындағы мүлікті қайтару, сондай-ақ 1 млрд теңге айыппұл өндіріп алу арқылы мемлекеттің материалдық мүдделері қорғалды», деп мәлімдеді облыстық прокуратурадан.
Цифрландыру саласында, оның ішінде ауылдық жерлерді интернетпен қамтамасыз ету барысында 150 млн теңге көлемінде жымқыру деректері анықталған.
«Жасырын орындар» әшкереленді: Ақтөбеде психотроптық заттарды сатушы сотталды
Бюджет қаражатын жұмсау кезінде болған барлық ұрлық пен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Күдіктілер қамауда, облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.
Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды
Жалпы алғанда, жауапкершіліктің әртүрлі түрлеріне 160 адам тартылып, 11 адамға қатысты айыптау үкімдері шығарылған.
Қарағандыда есірткі контрабандасымен айналысқан студент 15 жылға сотталды