Спорт • Кеше

Олимпиададағы алғашқы допинг-дауы: Италиялық биатлоншы жарыстан шеттетілді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына санаулы күн қалғанда алғашқы допинг дауы тіркелді. Италиялық биатлоншы Ребекка Пасслердің допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылып, ол жарыстар басталмай жатып уақытша шеттетілді, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиададағы алғашқы допинг-дауы: Италиялық биатлоншы жарыстан шеттетілді

Фото: Bild

Спортшының сынамасынан летрозол препараты анықталған. Бұл дәрі эстроген деңгейін төмендетеді және 2008 жылдан бері спортта қолдануға қатаң тыйым салынған. Медицинада летрозол кейбір ауруларды, соның ішінде сүт безі қатерлі ісігінің ерте сатысын емдеуде пайдаланылуы мүмкін. Алайда спортта ол анаболикалық заттарды қолданудың ықтимал белгісі ретінде қарастырылады.

Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

BILD басылымының мәліметінше, енді Ребекка Пасслер бұл заттың ағзасына қалай түскенін түсіндіруі тиіс. Тергеу аяқталғанға дейін ол жарыстардан уақытша шеттетілді, ал спортшының аты Италия биатлон федерациясының ресми сайтынан алынып тасталды. Осылайша, спортшы допинг дауына байланысты Олимпиаданы сырттай тамашалауға мәжбүр.

Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады

Айта кетейік, 24 жастағы Ребекка – спорт әлеміне танымал әулеттің мүшесі. Ол 1988 жылы биатлоннан Италия қоржынына алғашқы олимпиадалық медальді салған Йоханн Пасслердің жиені. Сондықтан бұл оқиға халықаралық спорт қауымдастығында үлкен резонанс туғызып отыр.

The Ring: Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өтпей қалды

Олимпиада басталмай жатып шыққан бұл дау алдағы жарыстарда допингке қарсы бақылаудың қаншалықты қатаң болатынын тағы бір мәрте аңғартты.

Еске сала кетейік, Ақпанның 6-сы күні Италияның қос қаласы – Милан және Кортина-д'Ампеццода төртжылдықтың басты бәсекесі қысқы Олимпиада ойындары басталады. Дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын ақ ойындарда ел намысын 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы қорғайды.

Соңғы жаңалықтар