Газет тарихы
«Қазақ газеттері» ЖШС
Бас директоры – Дихан Қамзабекұлы
«Егемен Қазақстан» газетінің қысқаша тарихы
Ғасырлық тарихы бар республикалық басылым – «Egemen Qazaqstan» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлейұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбайұлы сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары редакторлық етіп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты. Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Газеттің бір күндік тиражы – 50 мың, апталық тиражы – 250 мың, интернет нұсқасының күндік қаралымы – 20-25 мың, апталық қаралымы – 140-150 мың.
Барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады.
Газеттің өз веб-сайты (egemen.kz), интернет-редакциясы бар.
17 облыста және Шымкент қаласында меншікті тілшілері, Алматы қаласында тілшілер қосыны жұмыс істейді.
Газетте жалпы 90 адам жұмыспен қамтылған.
Газетті 1919 жылғы «Ұшқын» аталған кезінен бері басқарған басшылар
Халел Есенбаев (1892-1938) – (07.1919-02.1920)
Тәмимдар САФИЕВ (1892-1975) – (02.1920-04.1920)
Бернияз КҮЛЕЙҰЛЫ (1899-1923) – (04.1920-10.1920)
Смағұл СӘДУАҚАСҰЛЫ (1900-1933) – (01.1921-02.1921) (01.1925-04.1926).
Жүсіпбек АЙМАУЫТҰЛЫ (1889-1931) – (02.1921-10.1921).
Мұхтар ӘУЕЗОВ (1897-1961) – (11.1921-12-1921)
Әбдірахман БАЙДІЛДИН (1891-1931) – (01.1922)
Бейімбет МАЙЛИН (1894-1939) – (1922)
Сәкен СЕЙФУЛЛИН (1894-1939) – (1922-04.1924)
Молдағали ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ (1887-1938) – (04.1924 – 12.1924)
Тұрар РЫСҚҰЛОВ (1894-1938) – (04.1926-06.1926)
Ораз ИСАЕВ (1889-1938) – (06.1924-07.1926)
Ораз ЖАНДОСОВ (1899-1938) – (07.1926-08.1926)
Ғаббас ТОҒЖАНОВ (1900-1937) – (08.1925 – 05.1932 )
Айтмұхамед МУСИН (1899-1938) – (06.1932-03.1934)
Ғабит МҮСІРЕПОВ (1902-1984) – (03.1934-05.1936)
Жанайдар СӘДУАҚАСОВ (1898-1938) – (06.1936-09.1936)
Жүсіпбек АРЫСТАНОВ (1904-1992) – (06.1937-06.1938)
Сақтаған БӘЙІШОВ (1909-1982) – (09.1938 -12.1941)
Әмір ҚАНАПИН (1913-1998) – (01.1941-11.1942)
Балтабек АСАНОВ (1907-1979) – (1942-1949)
Қасым ШӘРІПОВ (1912-1984) – (03.1949-12.1951) (08.1955-09.1960)
Қабыл БЕКМҰРАТОВ (1914-1980) – (12.1951-1952)
Ғұмар АҚҚҰЛОВ (1912-1957) – (1952-1955)
Кеңесбай ҮСЕБАЕВ (1914-1995) – (1960-1969)
Ұзақ БАҒАЕВ (1930-1973) – (1969-1973)
Сапар БАЙЖАНОВ (1930-1999) – (11.1973-02.1983)
Балғабек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ (1929-1995) – (04.1983-01.1987)
Көрік ДҮЙСЕЕВ (1936-2007) – (01.1987-11.1989)
Шерхан МҰРТАЗА (1932-2018) – (11.1989-10.1992)
Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ (1939-2015) – (10.1992-01.1993)
Нұрлан ОРАЗАЛИН (1947) – (10.1993-07.1996)
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ (1948) – (07.1996-12.1998)
Ержұман СМАЙЫЛ (1948-2018) – (12.1998-12.2000) (2003-2004)
Сауытбек АБДРАХМАНОВ (1951) – (2000-2003) (2004-04.2016)
Еркін ҚЫДЫР (1962) – (04.2016-07.2016)
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ (1974) – (07.2016-09.2022)
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ (1966) – (09.2022)
Сайт туралы
Egemen.kz – бұл Қазақстандағы ең беделді және көне басылымдардың бірі – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің ресми сайты. Сайттың негізгі мақсаты – еліміздегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жаңалықтарды халыққа жедел әрі сенімді жеткізу.
Сайт туралы негізгі мәліметтер:
ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің № KZ75VPY00062699 куәлігі берілген. Берілген күні: 12.01.2023 ж.
ЖБ аты: «EGEMEN QAZAQSTAN» «egemen.kz» желілік басылымы
ЖБ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша
Шығу жиілігі: тәулік бойы
Меншік иесі: «Қазақ газеттері» ЖШС (Астана қаласы)
Негізгі тақырыптық бағыты: ақпараттық, қоғамдық-саяси
Тарату аумағы: интернет желісінде
Алғашқы есепке қою кезіндегі нөмірі мен мерзімі №16219-СИ, 22.11.2016.
Интернте редакция жетекшісі: Абай АЙМАҒАМБЕТ.
Email: portal@egemen.kz
Мекенжай: 010008, Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13
Аида Балаева арандатушылық әрекеттерге қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 17:37
Салық берешегі қай межеден асса, есепшот бұғатталады?
Экономика • Бүгін, 17:27
5G трафиктің айтарлықтай бөлігін иеленіп үлгерді
Қоғам • Бүгін, 17:17
Отандық электробустар Пәкістанға жол тартты
Қоғам • Бүгін, 17:08
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 16:45
Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мұхтар Шаханов өз атынан тараған жалған ақпаратты жоққа шығарды
Қоғам • Бүгін, 16:28
Нобель көрмесі: Демократияға төнген қатер Венесуэла мысалында көрсетіледі
Әлем • Бүгін, 16:15
«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы шарықтады
Экономика • Бүгін, 16:03
Алматы облысының «Qonaev Media» телеарнасы несімен ерекшеленеді?
Оқиға • Бүгін, 15:55
Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Оқиға • Бүгін, 15:46
Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды
Ата заң • Бүгін, 15:13