Қоғам • 03 Ақпан, 2026

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Фото: akt.sud.kz

Әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген ол, өзін ерекше қабілеттерге ие тұлға ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға «емдеу» қызметін көрсете алатынына сендірген.

«Осылайша, кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде бәс қоюға жұмсаған», делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Бал ашып байығандар көп

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынған. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген.

Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

Тәжікстанда балгерге барғандарға айыппұл салынады

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38