Тағайындау • 03 Ақпан, 2026

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Министрліктің мәліметінше, бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды.

«Штаб құрамына Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері және спорт саласының ардагерлері енді. Олар дайындықтың әрбір кезеңін пысықтап, қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалған еді. 

Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесті деген жағдайға байланысты пікір білдірді

Кейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев шенеуніктердің арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар