Оқиға • 03 Ақпан, 2026

Іздеу жарияланған атыраулық күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптының өліміне байланысты 29 жастағы жігітке іздеу жарияланған еді. Енді оның 5 баласы мемлекеттік мекемелерге орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іздеу жарияланған атыраулық күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды

Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі бұл деректі растады.  

«Облыстық полиция департаментінен 2 ақпаны күні Махамбет ауданының әкімдігіне шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі ұсыныс хат түсті. Хатта күдіктінің кәмелеттік жасқа толмаған 5 баласын қауіпсіз жерге, яғни мемлекет қорғауына алу жөнінде көрсетілген. Осыған байланысты Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен кәмелетке толмаған балалардың үшеуі білім беру басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, 3 және 1 жастағы екі сәби денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылған балалар үйіне уақытша орналастырылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау облысындағы ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланған еді.

Із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық ерлі-зайыпты жер қойнына тапсырылды

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40