Соңғы жаңалықтар
Білім • 20 Қараша, 2025
Қостанай облысында 29 мектеп қашықтан оқуға көшті
Қостанай облысының мектептерінде ЖРВИ, тұмау жұқтырған балалар көбейіп кетті. Тұмаудың оқушылар арасында кең тарауына байланысты Алтынсарин ауданындағы Силантьев, Свердлов ауылының мектептері толықтай қашықтан оқу тәртібіне көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 20 Қараша, 2025
Енді кім көрінген кепілгер бола алмайды: «Банктер туралы» заң жобасына өзгеріс енгізілді
Бүгін «Банктер туралы» заң жобасын қараған жұмыс тобының отырысында маңызды түзету қабылданды. Түзету банктерге қаржылық жағдайы дәлелденбеген немесе несие алушыға қатысы жоқ жеке тұлғалардың жеке кепілгерлігін талап етуге тыйым салуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қараша, 2025
Щучинск қаласында жаңа көпфункционалды Спорт сарайы ашылды
Ақмола облысында халықтың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды кеңейту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін Щучинск қаласында көпфункционалды Спорт сарайы ашылды. Осы айтулы оқиғамен Бурабай ауданының тұрғындарын облыс әкімі Марат Ахметжанов пен қазақстандық спорт жұлдыздары құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қараша, 2025
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астана қаласына келді
Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Шаруашылық • 20 Қараша, 2025
Агробанк туралы идея банктерден қолдау таппады
Жер көлемі жағынан әлемде 9-орында тұрған елде агросекторға бағытталған мамандандырылған банк жоқ екені осыған дейін талай айтылған. Бірақ саладағы басты ойыншылардың да, тәуелсіз сарапшылардың да осы бағыттағы банкті құру идеясы жоғарыға өткенде маңдайы тасқа тигендей шағыла беретін. Өткен аптада Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова Central Asia Fintech саммитінде агробанк құру идеясын қолдамайтынын, Қазақстанда ауыл шаруашылығы секторында жұмыс істейтін көптеген түрлі институттар бар екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Көкшетауда қолөнер шеберлері ғажайып бұйымдарды көпшілік назарына ұсынды
«Шебер қолдан шыққан терме баулар төрде айқасып, кіре бергенде көзіңе соғылады». Иә, Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» шығармасынан алынған осы бір ғана сөйлемде он саусағынан өнер тамған халқымыздың ісмерлігі тіліміздегі сөздіктің алтын қорымен сипатталады. Облыс орталығы Көкшетау қаласында қолөнер шеберлерінің байқауы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада жиырмаға тарта шебер бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 20 Қараша, 2025
Олжас ақынның тұлғасы ТҮРКСОЙ-да ұлықталды
Анкарада белгілі қазақ ақыны, академик, дипломат, түрколог және Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің әйгілі «АЗ и Я» (1975-2025) кітабының жарық көргеніне 50 жыл толуына орай «Олжас Сүлейменов. Масштаб. Планета. Жер» атты халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Қалғып-мүлгіген жүргізушіні ЖИ оятады
Астанада Көлік министрлігінің қолдауымен «Kaztraffic-2025» көрмесі өтіп жатыр. Биыл елімізде 21-ші мәрте ұйымдастырылған іс-шарада Қытай, Түркия, Италия, Франция, Канада, Өзбекстан және басқа мемлекеттерден 200-ден астам компания бас қосты. Олардың ішінде жасанды интеллектінің көмегімен жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге басымдық берген «Астана Тазалық» серіктестігі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қараша, 2025
Түркістандағы өрт: Зардап шеккен тағы бір адам Шымкентке жеткізілді
Түркістан облысындағы Жетісай ауданының Алғабас ауылында болған өрттен зардап шеккен 1990 жылы туған әйел Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Елімізде бір мезетте бір жарым миллион оқушы мазмұндама жазған
Дүниежүзілік балалар күніне орай, «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен бір мезетте мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазған. Оған республика бойынша 1,5 млн бала қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2025
Алматыда екі автобус соқтығысып, екі адам зардап шекті
Алматы қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 қоғамдық көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қараша, 2025
2026 жылы зейнетақы тек 10%-ға өседі
Бүгін Сенатта өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин зейнетақыны 10%-ға арттыру шешімі елдің болжамды макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Өскеменде ауа сапасын бақылайтын қанша бекет орнатылмақ?
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен бүгінгі күні өткізілген Орталық коммуникациялар қызметіндегі (ОКҚ) баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қараша, 2025
Балқашта жаңа спорт кешені ашылды
Балқаш қаласындағы Металлург стадионы аумағында жаңа көпфункционалды спорт залы ашылды. Бұл заманауи нысан – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің демеушілігі және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асқан, әлеуметтік мәні зор жоба, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды
Туризмнің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған 41 елден 251 мүшені біріктіретін Дүниежүзілік туристік альянсқа (World Tourism Alliance, WTA – үкіметтік емес ұйым) 2025 жылы Алматы толыққанды мүше болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Гонконг тұмауының таралуы: Денсаулық сақтау министрі жағдайға қатысты болжам жасады
Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі уақытта елде инфекциялық вирустардың таралуы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 20 Қараша, 2025
Қарағандылық кәсіпкерден 700 мың доллар талап еткен күдікті тұтқындалды
Қарағандыда кәсіпкерді қорқытып, 700 мың доллар талап еткен күдікті ұсталды. 47 жастағы қала тұрғыны полицияға бейтаныс адамдардың қысым көрсетіп жүргенін айтып шағымданған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
«Жеңілдетілген несие алып беремін»: Астанада алаяққа үкім шықты
Астанада 16 азаматты жеңілдетілген несие алып беремін деп алдаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шықты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Алматыда тарақандар өріп жүрген балабақша жабылды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы №29 балабақша асханасында тарақандар қаптап жүрген бейнежазба тарағаннан кейін мекемеге бірден тексеріс жүргізілді. Қалалық білім басқармасы тексерістің нәтижесін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Қарағандыда анасынан зәбір көрген 4 жастағы баланың ісіне қатысты сот үкімі шығарылды
Қарағандыда 4 жасар бала қатыгездікке ұшырап, қолы байлаулы күйде үйде қалған. Оқиғаны көршілер байқап, балаларды қорғау органдарына хабарлаған. Қазір бала әкесінің қамқорлығында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 20 Қараша, 2025
2026 жылдан бастап банктерге қатысты жаңа салық тәртібі енгізіледі
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысында халықтың шамадан тыс несие алуын шектейтін құрал іске қосылатынын айтты. Ол 2026 жылдың алғашқы жартысында күшіне енбек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қараша, 2025
«Қазсушар» РМК Азия су кеңесінің құрамына енді
Вьетнамда Азия су кеңесінің (AWC) XXIII Басқарма отырысы өтті. Су ресурстары саласындағы 26 елден 176 ұйымды біріктіретін AWC құрамына «Қазсушар» РМК қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 20 Қараша, 2025
Теннисші Заңғар Нұрланұлы алғашқы табысына қол жеткізді
17 жастағы дарынды қазақ теннисшісі Заңғар Нұрланұлының жасөспірімдер мен жастар буыны арасындағы бірқатар халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсеткенін жанкүйерлер жақсы біледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Қараша, 2025
Жаңа май зауытының ашылуы диқандардың түйткілін қалай шешті?
Азық-түлік бағасының өсуін тежеп, отандық тамақ өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Үкімет отырысында аталған мәселеге назар аударған премьер министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіптік кешенде өнімді терең өндеуге басымдық беру қажет екенін айтты. Үкімет нарықтағы өңделген өнімдер үлесін арттыру арқылы инфляцияны тежеп, халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Ерлан Қаринді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші – Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Шығыс Қазақстан облысында жаңа әуежайлар қашан ашылмақ?
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңындағы баспасөз-конференциясы барысында өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Қостанай облысында тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен жазаланды
Қостанай облысында әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен анықталды. Кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына енгізілген жаңа ережелерге сәйкес айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 20 Қараша, 2025
Сенат республикалық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Сенат депутаттары Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік заңының жеке баптарын мақұлдамай, Мәжілістің қайта қауына жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қараша, 2025
Республикалық бюджетте әкімшілік шығындардың үлесі азайтылды
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен тиімділігі расталмаған жобалар алынып тасталды. Бұл туралы Сенат отырысында қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қараша, 2025
Елімізде жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
18–23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.