Оқиға • 03 Ақпан, 2026

Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысындағы Семей – Қайнар тасжолында тағы бір ірі жол апаты тіркелді. Знаменка ауылының маңында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады

Фото: Видеодан алынған кадр

Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, апат 31 қаңтар күні Семей – Қайнар тасжолының 62-шақырымында болды. 52 жастағы жүргізуші басқарған SETRA маркалы автобусының ішінде вахталық жұмысқа бет алған 50 жұмысшы болған. 

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды

Жолаушылар түрлі дене жарақатын алғанымен, олардың өміріне қауіп төнген жоқ. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілген.

«Самара-Шымкент» тасжолында автобус аударылды

Аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары басталып, жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.

Астанада 500 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38