Оқиға • 03 Ақпан, 2026

Сапаға сай төлем: 14 ақылы учаскеде төлемақы қайта есептеледі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылғы 29 қаңтардан бастап еліміздегі республикалық маңызы бар 14 ақылы жол учаскесінде төлемақыны есептеудің жаңа тәртібі күшіне енді. Енді жолдың ақауы бар тұстары үшін ақы алынбайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сапаға сай төлем: 14 ақылы учаскеде төлемақы қайта есептеледі

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, енді жолдың ақауы анықталған, шұңқыры бар немесе талапқа сай емес бөліктері ақылы қашықтықтан уақытша шығарылып тасталады. Демек, жүргізушілер тек қауіпсіз әрі тегіс жол үшін ғана төлейді. Жолдың ақаулы тұстары толық жөндеуден өткенше тарифке қосылмайды.

Бұл шешім жол сапасына бақылауды күшейту және автокөлік иелерінің құқығын қорғау мақсатында қабылданған.

Биыл ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті

Төлемақы қалай есептеледі?

Ең басты артықшылық – жүргізушілерге мекеме табалдырығын тоздырып өтініш жазудың немесе құжат толтырудың қажеті жоқ.

  • Автоматты есептеу: Төлем жүйесі жолдың ақаулы бөліктерін автоматты түрде анықтап, оны жалпы сомадан шегеріп тастайды.
  • Төмендетілген тариф: Нәтижесінде жол жүру құны бұрынғыдан едәуір арзандайды.

Мәселен, бұрын Астана – Теміртау бағытында жеңіл көлік үшін төлем 410 теңге болса, ақаулы бөліктер есептен шығарылғаннан кейін бұл сома 360 теңгеге дейін төмендеді.

Қазақстанда 13 мың шақырым автожол жөнделді

Жөндеу жұмыстары қашан басталады?

Тарифті осылайша уақытша төмендету ақаулар толық жойылғанға дейін сақталады. Жолдарды қалпына келтіру жұмыстары биылғы жол-құрылыс маусымы басталысымен қолға алынады.

Төлем мөлшері қайта есептелетін 14 учаске:

  1. Көкшетау – Петропавл;

  2. Павлодар – Семей – Қалбатау;

  3. Павлодар – Омбы;

  4. Астана – Теміртау;

  5. Алматы – Қонаев;

  6. Қонаев – Талдықорған;

  7. Шымкент – Қызылорда;

  8. Орал – Самара;

  9. Орал – Саратов;

  10. Астана – Павлодар;

  11. Қызылорда – Арал;

  12. Ақтөбе – Орынбор;

  13. Қостанай – Троицк;

  14. Тараз – Қайнар.

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10