Қоғам • 03 Ақпан, 2026

Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін мүшелерін донорлыққа қалдыруға келісім беретін азаматтардың қатары артып келеді. Өткен жылы 13 мыңға жуық адам тиісті рұқсатын рәсімдеген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда үштен бірге жоғары көрсеткіш. Құқықтық статистика орталығының мәліметінше, жақындарының мүшесін мұқтаж жандарға беруге келісетін отбасылардың да саны өсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Өткен аптада қоғамды елең еткізген оқиға да көптің есінде. Павлодар қаласының 39 жастағы тұрғыны инсульттен көз жұмғаннан кейін, оның жұбайы марқұмның ағзаларын трансплантациялауға келіскен. Ота елордадан келген мамандар тобының қатысуымен жасалған. Бір мезетте жүрек, екі бүйрек, бауыр және көздің қасаң қабықтары мұқтаж жандарға салынды. Қазір пациенттердің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында, уақтылы ем алып жатыр.

Айта кетерлігі, қасаң қабықты көшіру операциясы Павлодарда алғаш рет жасалған. Бұған дейін мұндай операциялар тек Астана мен Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтар деңгейінде жасалатын.

Қайтыс болған донор 4 адамға өмір сыйлады

Республикалық трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының директоры Айдар Ситқазиновтың айтуынша, бүйрек, бауыр аурулары жиілеп отыр. Бауыр бойынша – гепатиттер, цирроз, фиброздар бар. Жүрекке қатысты да бұрын өткерілген инфекциялық сырқаттар жүрек-қан тамыр жүйесіне асқыну береді. Осындай жағдайларда науқастар үшін жалғыз мүмкіндік – трансплантация, яғни ағза алмастыру.

Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды

Қазір күту парағында, балаларды қоса алғанда, 4 500-ден астам пациент тұр. Олардың басым бөлігінде бүйрек қызметі тоқтаған. Қаза болғаннан кейін донор бола алатын жандардың жасы 18 бен 65 аралығында. Дәрігерлердің айтуынша, ағзаларды алу тек марқұмның өзі тірі кезінде берген келісімі мен туыстарының рұқсаты болған жағдайда ғана жүзеге асады. Ал егер адам өмірінде өз органдарын пайдалануға ресми түрде тыйым салса, бұл шешімді ешкім өзгерте алмайды.

Ақпан қан тапсыру айы деп жарияланды: Ақмарал Әлназарова қан доноры болды

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05