Футболшылар жаңа бас бапкер Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен алаңға шығады. Африкалық командамен матч сағат 15:00-де басталады. Сол күні кешкі сағат 20:00-де Астана аренасында Кувейт пен Намибия ұлттық құрамалары кездеседі.
Футболдан әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстан нешінші орында тұр?
28 наурызда алғашқы ойындардың жеңімпаздары турнирдің бірінші орны үшін таласады. Бұл матч сағат 20:00-де өтеді. Үшінші орын үшін кездесу 15:00-ге жоспарланған.
FIFA Series-2026 жобасы аясында әлемнің алты конфедерациясынан 48 ұлттық құрама бақ сынайды. Биыл көктемде жарыстар шағын турнир форматында, яғни жартылай финал және финал жүйесімен ұйымдастырылады.
FIFA: Футбол клубтары трансферге 13 млрд доллардан астам қаражат жұмсады
Қазақстаннан бөлек, аталған турнирлерді Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Жаңа Зеландия, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан өткізеді. Ал әйелдер құрамалары арасындағы ойындар Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.
Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы FIFA президентін қабылдаған еді.