Ата заң • 03 Ақпан, 2026

Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы партия активінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-танымдық жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады

Іс-шара барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар, олардың ел дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ықпалы жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясының конституциялық реформаларға қатысты ұстанымы, саяси жаңғыру жолындағы бастамалары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары таныстырылды.

Қазақстан Халық партиясының фракциясы елдегі конституциялық реформаны қолдады

Аталған жиын партия құрылымдарының үйлесімді жұмысын күшейтуге, ортақ мақсаттарды нақтылауға және жүзеге асырылып жатқан реформаларды тиімді іске асыруға бағытталды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады

Жиын барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының белсендісі Талғат Телеубаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, заңтану магистрі Жадыра Шөкенова, сондай-ақ Қызылорда «Болашақ» университетінің «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Айгүл Әбдікерова сөз сөйлеп, конституциялық реформаның маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Адами капитал – мемлекеттің басты байлығы: AMANAT фракциясы Жаңа Конституция жобасын талқылады

Соңғы жаңалықтар