Соңғы жаңалықтар
Білім • 17 Наурыз, 2026
Наурыздағы ҰБТ: 117 талапкердің нәтижесі жойылды
Биылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ның алғашқы екі аптасында 67 мыңнан астам талапкер тестілеуден өтті. Бұл кезеңде білім алушылардың 66,99%-ы – қазақ тілінде, 32,88% – орыс тілінде, ал 85-і – ағылшын тілінде тест тапсырған, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 17 Наурыз, 2026
«Астана опера»: Өнер ордасы өрісін кеңейтті
Елордада күн сайын елеулі мәдени іс-шаралар, маңызды оқиғалар өтеді. Соның бірі – «Астана опера» шығармашылық ұжымы сенбі күні астаналықтар мен қала қонақтарын театрдың сахна шеберлері өнер көрсететін жаңа орынға жинады.
Спорт • 17 Наурыз, 2026
Олимпиадаға дайындық барысын қолдау: Спортшыларға қомақты қаржы берілді
2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына дайындық аясында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) жеке стипендиялық бағдарламасына енген қазақстандық спортшыларға алғашқы қаржылық төлем жасалды. Бұл туралы Ұлтық олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Елдегі ақылы жолдарда төлем мерзімдері өзгерді: Жүргізушілер нені ескеруі керек?
Елімізде ақылы жолдарды пайдалану төлемінің мерзімі өзгертілді. Жаңа ережеге сәйкес, жүргізушілерге төлем жасау үшін берілетін уақыт ұлғайып, талаптар нақтыланды, деп жазады Egemen.kz
Заң мен Тәртіп • 17 Наурыз, 2026
Газ өлшеудегі заңбұзушылық: Қарағандыда станцияға айыппұл салынды
Қарағандыда автогаз құю станциясында сұйытылған газды сату барысында заң талаптары сақталмағаны анықталды. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде өлшеу құралдарының міндетті тексеруден өтпегені белгілі болып, кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz
Мереке • 17 Наурыз, 2026
Мереке қарсаңында отандық әуе компаниялар рейстер санын көбейтті
Наурыз мерекесі қарсаңында ел ішінде жолаушылар ағыны көбеюіне байланысты отандық әуе компаниялар қосымша рейстер санын көбейтеді. Жалпы 160 қосымша рейс орындалып, азаматтардың мерекелік сапарларын ыңғайлы жоспарлауына мүмкіндік жасалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады
«Отбасы банк» Наурыз мерекесіне орай 21-25 наурыз аралығында «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша ипотекаға өтінім қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 17 Наурыз, 2026
Шаңырақ шуағы: Су шаруашылығы саласына 160 жыл ғұмырын арнаған әулет еңбегі
Наурызнама онкүндігі аясындағы Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын ұлықтап, ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін тағылымды күн. Қазақ ұғымында шаңырақ – тек бір әулеттің емес, тұтас ұлттың тұтастығын танытатын киелі нышан. Отбасының беріктігі – қоғамның беріктігі, ал ұрпақ жалғастығы – ел болашағының кепілі.
Референдум • 17 Наурыз, 2026
Ел азаматтарының 87,1 пайызы жаңа Конституцияны қолдады
Қазақстанда өткен республикалық референдумның қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылданды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Астанада өткен комиссия отырысында ресми түрде мәлімдеді. Оның айтуынша, жарияланған қорытынды нәтижелер бұған дейінгі алдын ала деректермен толық сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Наурыз, 2026
Кубадағы дағдарыс: 3 ай бойы мұнайсыз қалған елде электр энергиясы толығымен өшті
Кубада электр энергиясы толығымен өшіп қалды. Бұл жағдай АҚШ тарапынан мұнай жеткізілімдері тоқтағаннан кейінгі алғашқы ірі энергетикалық дағдарыс ретінде бағаланып отыр. Елдің энергетикалық компаниясы электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Наурыз, 2026
Әкесі ұлына есірткі жасауды үйреткен: Ақмола облысында ірі зертхана жойылды
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды. Есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен әкесі мен баласы қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Наурыз, 2026
Көктемнің лебі сезіледі: Оңтүстікте 20 градусқа дейін күн жылынады
17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы салыстырмалы түрде қолайлы болады. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының көп бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, алайда жекелеген өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, деп жазады Egemen.kz.
Наурызнама • 17 Наурыз, 2026
Шаңырақ күні: Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?
Халқымыздың басты мейрамы – Наурыз қарсаңында елордада 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Наурызнама онкүндігінің аясындағы әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Бүгін, 17 наурыз – Шаңырақ күні, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 17 Наурыз, 2026
Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық референдум комиссиялары ұсынған хаттамалары негізінде Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Наурыз, 2026
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысында бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеу қойылды. Шектеу, ең алдымен, жүк және қоғамдық көліктерге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазы: Иран шарт қойды, әлем энергетикасы алаңдаулы
Иран Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта жандандыруға дайын екенін мәлімдеді. Алайда Тегеран бұл үшін бірқатар саяси және экономикалық талаптардың орындалуын шарт ретінде алға тартып отыр. Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 17 Наурыз, 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Наурыз, 2026
Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды
Бүгін пара биатлоннан қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлде иеленген Ербол Хамитов елге оралды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 17 Наурыз, 2026
«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі
Желдің күші – табиғаттың сарқылмас байлығы. Кейінгі жылдары әлем елдері осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға басымдық беріп келеді. Еліміз де жаһандық үдерістен шет қалып отырған жоқ. Аталған бағыттағы іргелі жобалардың бірі Қарағанды облысы Осакаров ауданында табысты жүзеге асып жатыр.
Ипотека • 17 Наурыз, 2026
Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?
Елімізде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталып, мыңдаған азамат жеңілдетілген ипотека арқылы баспаналы болуға талпынып жатыр. Дегенмен, сарапшылар әдетте бағдарламаның талаптарын дұрыс түсінбегеннен көптеген адам конкурстан өтпей қалып жататынын айтады. Алдағы уақытта «Наурыз», «Наурыз жұмыскер», «7-20-25», «Ұмай» және «Жасыл ипотека» сияқты бағдарламалар да іске қосылады. Сондықтан тиімді ипотекаға қол жеткізу үшін қазірден бастап оның қандай шартпен берілетінін білген маңызды.
Тұлға • 17 Наурыз, 2026
Дәстүр мен тұлға: жыраулық жолдың сабақтастығы
Жыраулық өнер – уақытқа бағынбайтын, ұлттың жадын, рухын, болмысын арқалап өтетін киелі дәстүр. Сол дәстүрдің бүгінгі заманымыздағы еңселі өкілдерінің бірі, жыр әлемінің шын мәніндегі жанашыры – Алмас Алматов.
Наурызнама • 17 Наурыз, 2026
«Ұлыстың тойы – ырыстың тойы» деп тегін айтылмаса керек. Жошы ұлысы шегінде бағамдасақ, ұлыс деген – үлкен мемлекет. Ішіне ірілі-уақты елдер, кіші халықтар кірігіп кеткен біртұтас құрылым. Кезінде бұл тұрғысында Мұхтар Мағауиннің жазғанын да білеміз. Түріктер осы мемлекет ұғымын «дәвләт» дейді. Біздіңше – дәулет.
Референдум • 17 Наурыз, 2026
ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Комиссия мәліметіне сәйкес, жаңа Конституцияны қолдап халықтың 87,15 пайызы дауыс берді.
Наурызнама • 17 Наурыз, 2026
Республикалық «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің игі шаралары туралы хабарлар кейінгі жылдары жиі естіліп жүр. Оның Солтүстік Қазақстанда өткізіліп жатқан шаралары да халықтың қызығушылығын тудырып, үнемі жұрттың аузында жүреді. Соның ішінде Наурызды жаңа форматта өткізуге арналған «Sen Bol Nauryz» іс-шарасының маңызы да зор.
Референдум • 17 Наурыз, 2026
Тәуелсіз байқаушылар: Елдік шара заңнама талабына сай
Республикалық референдумның дауыс беру үдерісін бақылау қорытындылары бойынша «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы алдын ала есебін жариялап, Алматыда брифинг өткізді. Байқаушылардың мәліметінше, дауыс беру рәсімдерінің негізгі бөлігі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Толағай тауы етегіндегі ел ішінде берекесі мен бірлігі жарасқан Кемел әулеті жарастықты ғұмыр кешіп жатыр. Арғы аталары Кемел – атадан қалған жалғыз тұяқ. Сол жалғыздан бүгінде бір ауыл ел тарады. Тегінде тектілік, қанында қайсарлық бар Тыныштық ананың алтын құрсағынан өрбіген ұлағатты ұрпағы аналарын алақандарына салып отыр.
Мереке • 17 Наурыз, 2026
Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан «Наурыз балы» өтті. Мерекелік іс-шараға Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктес құрылымдар қатысты.
Спорт • 17 Наурыз, 2026
* Ұлттық құрама көшбасшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева Италия астанасы – Рим қаласында каратеден өткен премьер-лига жарысының финалында британдық Рошель Уолтерсті 2-1 есебімен ұтты.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола облысына екі күндік жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан, Шортанды, Аршалы, Целиноград және Атбасар аудандарындағы тасқынға қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Ертіс-Баян өңірінде өткен аптада бірнеше тәулікке ұласқан ақтүтек боранның салдарынан 300-ге жуық мал қырылды. Көптеген елді мекенге айтарлықтай материалдық шығын келді. Екі қала мен екі аудан табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімін жариялауға мәжбүр болды.