Футбол • Бүгін, 18:15

Эль-Класикода «Реалды» Винисиус Жуниор бастап шығады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор 10 мамыр күні «Камп Ноуда» өтетін Испания чемпионатындағы «Барселонаға» қарсы матчта алғаш рет команданың капитаны ретінде алаңға шығады. Бұл шешім негізгі және вице-капитандардың жоқ болуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эль-Класикода «Реалды» Винисиус Жуниор бастап шығады

Команданың ресми капитаны Дани Карвахаль жарақатынан әлі толық айықпаған. Ал вице-капитан Федерико Вальверде жаттығу кезінде Орельен Тчуаменимен болған жанжалдан кейін алған жарақатына байланысты алдағы ойынға қатыспайды.

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?

Осылайша, капитандық иерархия бойынша келесі ойыншы ретінде Винисиус Жуниор «Барселонаға» қарсы өтетін маңызды Эль-Класико матчында команданы алаңға бастап шығады.

Клуб ішінде аталған оқиғаға байланысты ішкі тексеріс жүргізіліп жатқаны да айтылуда.

Винисиус Жуниор үшін команданы капитан ретінде алаңға бастап шығу – аса таңсық жағдай емес. Бразилиялық шабуылшы алғаш рет бұл міндетті 2025 жылдың ақпанында атқарған, ол кезде команда Испания Кубогының жартылай финалында «Реал Сосьедадты» жеңген болатын.

Сонымен қатар, ол Чемпиондар лигасының матчтарында да капитан болды. Атап айтқанда, 2025 жылдың қыркүйегінде Алматыдағы «Орталық» стадионында өткен «Қайратқа» қарсы ойында дәл осы мәртебемен алаңға шыққан.

Айта кетейік,  Испания чемпионатында «Барселона» – «Реал» кездесуі турнирлік тұрғыдан үлкен маңызға ие: каталондықтар жеңсе, чемпиондықты мерзімінен бұрын рәсімдей алады, ал мадридтіктер жеңіске жетсе, чемпиондық үшін күресті жалғастырады.

«Барселона» мен «Реал» 10 мамыр күні «Камп Ноуда» кездеседі. Мадридтік клуб үшін бұл матчтағы жеңіс — Ла Лигадағы чемпиондыққа таласты жалғастырудың басты шарты.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар