Фото: Ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, БАӘ-нің ОПЕК-тен шығу туралы шешімі экономикалық себептермен байланысты және мұнай өндіру көлемін арттыру жоспарына негізделген.
Серік Жұманғарин «ОПЕК дәуірінің аяқталуы» туралы пікірлерге сақтықпен қарау керектігін атап өтті. Оның сөзінше, әлемдік мұнай нарығындағы жағдай тұрақсыз және көптеген факторларға тәуелді.
«Тіпті БАӘ өндірісті ұлғайтқан күннің өзінде, нарықта мұнайдың балама көздері сақталады», деді ол.
Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін арттыруға келісті
Жұманғариннің мәліметінше, 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік жоспарлау аясында мұнай бағасына қатысты бірнеше макроэкономикалық болжам әзірленген.
«Алаңдауға негіз жоқ. Жалпы, жақын уақытта Қазақстанды үлкен дағдарыстар күтіп тұр деп ойламаймыз», деді министр.
Сондай-ақ министр халықаралық тәжірибеде мұнай бағасына қатысты базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлер қолданылатынын айтты. Бұл тәсіл экономикаға төнуі мүмкін тәуекелдерді алдын ала ескеруге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің ОПЕК ұйымдарынан шығатынын жазған болатынбыз.
Нұрболат АМАНБЕК