Оқиға • Бүгін, 17:20

Таразда жасөспірімдер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда жоғары сынып оқушылары арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең тарады. Оқиғаға байланысты Жамбыл облысы полиция департаменті барлық қатысушының анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда жасөспірімдер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты

Фото: Ашық дереккөз

Жанжал Мыңбұлақ шағынауданы аулаларының бірінде болған. Ақпаратқа сәйкес, кикілжің сәуір айында екі мектептің 9 және 11-сынып оқушылары арасында басталған. Бірнеше күннен кейін оған өзге жасөспірімдер араласып, жағдай жаппай төбелеске ұласқан.

Шалқардағы жаппай төбелес: Жасөспірімнің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды

Бейнежазбадан бір топ оқушының жоғары сынып оқушысына шабуылдаған мезеті байқалады. Куәгерлер араласып, полиция шақырғаннан кейін ғана жанжал тоқтаған.

Полицияның мәліметінше, оқиға 5 мамыр күні болған.

«102 арнасына жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша хабарлама түсті. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталды. 15 жастағы жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ төбелеске қатысқан оқушылар профилактикалық есепке қойылған. Ал олардың ата-аналары бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті

Соңғы жаңалықтар