Оқиға • Бүгін, 13:45

Астанадан Франкфуртқа ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana компаниясына тиесілі Астана – Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындаған ұшақ техникалық себеппен Ақтөбе қаласына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадан Франкфуртқа ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

Ұшақ Астанадан сағат 08:54-те ұшып шығып, 11:34-те Ақтөбеге қонған. Әуе компаниясының мәліметінше, экипаж стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдаған. 

«Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компания Алматыдан резервтік ұшақ жіберді», делінген компания хабарламасында. 

АҚШ әуежайында ұшақ қону кезінде аударылып кеткен

Рейстің Ақтөбеден қайта ұшуы бүгін сағат 14:20-ға жоспарланған.

Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі

Әуе компаниясы жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтіп, қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар