Тағзым • Бүгін, 19:13

Астанадағы жалғыз соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

1760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ардагерлерге тағзым» республикалық акциясы аясында Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері Астанада тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевті Жеңіс күніне орай арнайы құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы жалғыз соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев майдангерге Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат, естелік сыйлықтар мен майдан кезін еске салатын далалық ас үлесін табыстады. Ол ардагердің ерлігі қазіргі әскери қызметкерлер үшін үлкен үлгі екенін атап өтті.

ардагер

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі Рзағұл Байкешевтің құрметіне арнайы әскери парад ұйымдастырды. Салтанатты шара барысында құрмет қарауылы мен әскери колледж кадеттері сап түзеп өтті. Ал әскери оркестр мен өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Ардагер көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, әскери қызметшілерге ақ батасын берді. Ол Қазақстанның тыныштығы мен өркендеуін тіледі.

соғыс

Рзағұл Байкешев 1923 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1943 жылы әскерге шақырылып, Ржев түбіндегі шайқастарға, сондай-ақ Польша, Румыния және Венгрия аумағындағы ұрыстарға қатысқан. Соғысты ефрейтор шенімен аяқтаған.

Майдангер I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Жуков медалімен және бірнеше мерейтойлық марапаттармен наградталған. Соғыстан кейін ұзақ жыл еңбек етіп, 1983 жылы зейнетке шыққан.

Еске салайық, мереке қарсаңында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлерінің әрқайсына 5 млн теңгеден төленген болатын.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар