Оқиға • Бүгін, 14:20

Алматыдағы студенттің өлімі: Қайғылы оқиғаға әділетсіз бағалау себеп болды ма?

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенті 8-қабаттан құлап, қаза тапты. Қайғылы жағдайдан кейін қоғамда жоғары оқу орындарындағы психологиялық қысым мен сессия кезіндегі бағалау жүйесі қызу талқылана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы студенттің өлімі: Қайғылы оқиғаға әділетсіз бағалау себеп болды ма?

Фото: Ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 6 мамыр күні таңғы сағат 09:00 шамасында болған. Марқұм «Философия» мамандығында мемлекеттік грант негізінде білім алған. Университеттің баспасөз қызметі студенттің оқу үлгерімі жақсы болғанын әрі осы уақытқа дейін тәртіптік ескерту алмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ оның психологиялық қолдау қызметіне жүгінбегені айтылды.

18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде оқу процесіне қатысты түрлі пікірлер жарияланды. Кейбір студенттер оқытушылар тарапынан қысым болатынын айтып, жасырын түрде шағымданған.

«Кейбір мұғалімдер сабақ өтудің орнына өз өмірбаянын айтып кетеді», деп жазды студенттердің бірі.

Тағы бір студент бағалау жүйесіне қатысты наразылығын білдірген.

«Сабаққа тұрақты қатыссаң да, бағалау кезінде әділетсіздікке тап боласың. Неге төмен баға қойғанын сұрасаң, «түріңді көп көрмеппін» деп жауап береді», дейді ол.

Желі қолданушысы Нұрым Сұлтанмұраттың пікірінше, қайғылы жағдайға сессия кезіндегі шамадан тыс қысым әсер етуі мүмкін. Оның айтуынша, әсіресе орыс тілі пәніне қатысты студенттердің шағымы көбейген.

«Аспаннан баға қоятын оқытушылардың қажеті жоқ. Бұл жағдайды «университетке қатысы жоқ» деп жаба салуға болмайды», дейді тағы бір студент.

Ал университет әкімшілігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, оқиғаға сессияның немесе оқытушылардың қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Университет басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған

Қазір оқиғаның нақты себебін анықтау үшін құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.

Асылжан ҚҰРМАНҒАЛИ

Соңғы жаңалықтар