Соңғы жаңалықтар
Білім • 10 Мамыр, 2026
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Бүгін, 10 мамырда Қазақстанда негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Биылғы сынақ 10 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Мамыр, 2026
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Бүгін, мамырдың екінші жексенбісінде, Қазақстанда Аналар күні атап өтіліп жатыр. Биыл айтулы мереке 10 мамырға сәйкес келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Мамыр, 2026
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
15 мамыр күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары өтеді. Осыған орай елорда аспанында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Мамыр, 2026
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Италияның солтүстігіндегі жағалауда орналасқан Валлекрозия қаласы интернеттегі іздеу жүйелерінің алгоритмін «алдап», туристерді көбірек тарту үшін ресми атауын өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Мамыр, 2026
Ана мәртебесі: Тәрбие бесігінен кәсіпкерлік шыңына дейін
Бүгін елімізде Аналар күні атап өтіліп жатыр. Мамыр айының екінші жексенбісінде тойланатын бұл мереке – ананың қоғамдағы айрықша мәртебесін паш етіп, оның отбасы мен мемлекет болашағындағы шешуші рөлін айшықтайтын күн. Қазіргі қазақстандық ана бейнесі тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ол – әлеуметтік белсенді, кәсіби тұрғыда қалыптасқан және ел экономикасына серпін беріп отырған тұлға.
Оқиға • 10 Мамыр, 2026
Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Көкшетауда әйелді көлік қағып кетті. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Мамыр, 2026
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен Мәскеуден басқа кез келген бейтарап аумақта кездесуге әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы Украина Президенті кеңсесінің кеңесшісі Сергей Лещенко телемарафон эфирінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Мамыр, 2026
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде атап өтілетін Аналар күніне орай барша аналарға ақжарма тілегін арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Мамыр, 2026
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Нұрлан Сабуров Дубайда өткен концертінде әзілкештердің саяси басшылық қызметтерде болуына қатысты пікір білдірді. Ол әзілкештерді саясатқа араластыру дұрыс емес деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Мамыр, 2026
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Америкалық «Frontier Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы Денвер халықаралық әуежайында ұшу жолағында адамды қағып, мерт қылды. Қайғылы оқиға 8 мамыр күні кешке болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Мамыр, 2026
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Астанада 19 жастағы студент «Бәйтерек» монументінің жанында әдепсіз суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жариялағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған бес тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 10 Мамыр, 2026
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Ұлытау облысы Қаражал қаласында жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір адам зардап шекті. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ер адамды жанып жатқан үйден алып шығып, үлкен жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Мамыр, 2026
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
2026 жылғы 9 мамырда «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болды. Өндірістегі қайғылы жағдай салдарынан компания қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Мамыр, 2026
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» бүгін, 10 мамырда еліміздің барлық өңірінде ауа райының күрт нашарлайтынын мәлімдеді. Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 10 Мамыр, 2026
10 мамырда еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2026
Ерқат Биғалиұлы: Экономиканы цифрландыру объективті қажеттілікке айналды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін стратегиялық басымдық ретінде айқындап келеді. Президенттің айтуынша, жасанды интеллект, бірыңғай мемлекеттік деректер жүйесі, цифрлық теңге және киберқауіпсіздік − елдің жаңа экономикалық моделінің негізгі тіректеріне айналуға тиіс. Осы бағыттағы бастамалардың маңызы, Қазақстанның IT-секторының әлеуеті және елдің «цифрлық хаб» ретіндегі мүмкіндіктері туралы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың экономика және цифрландыру жөніндегі проректоры Ерқат Биғалиұлы Мұқажанов пікір білдірді.
Ауа райы • 09 Мамыр, 2026
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Мамыр, 2026
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Бүгін елордадағы теміржол вокзалынан Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік пойыздар сапарға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2026
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті
Қытай Халық Республикасының Хэбэй өлкесіндегі Чжанцзякоу қаласына қарасты Чжанбэй уезінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 81 жылдығына орай кеңес және моңғол жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті «Прогрессивті Болгария» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2026
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қапланбек өткізу бекетінде Қазақстаннан Өзбекстанға өтетін бағытта ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2026
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Мамыр, 2026
Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды
Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2026
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарының рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 09 Мамыр, 2026
Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Жеңіс күнін мерекелеу аясында қазақ халқының даңқты қызы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 09 Мамыр, 2026
Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1945 жылы Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың елордадағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2026
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгілі қаламгер Бауыржан Момышұлының Астана қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2026
Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті
Астанадағы Шарль де Голль ескерткіші алдында Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары Францияда партизан отрядтарының құрамында шайқасқан жауынгерлердің рухына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Мамыр, 2026
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Астанада Алматы ауданында орналасқан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бес адам лифт ішінде қамалып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.