Фото: Ашық дереккөз
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, көлік бірден күдік туғызған. Тексеру барысында ресми мемлекеттік нөмірдің орнына картоннан қиылып, маркермен жазылған жалған белгілер орнатылғаны анықталған.
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды
Екібастұз қалалық полиция басқармасы жүргізушінің заң талаптарын бұзғанын хабарлады.
«Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды», деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Жалған нөмір таққандар енді түрмеге жабыла ма? Депутат қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды
Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер заңға қайшы екенін ескертіп, қолдан жасалған нөмірлерді пайдалануға ешқандай жағдайда жол берілмейтінін атап өтті.
Енді жүргізушінің ісі сотта қаралады.
Оралда көлігіне қағаздан жасалған жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды