Зерде • Бүгін, 18:55

Балқан математикалық олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік алтылыққа енді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы Балқан математикалық олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 24 елдің арасында 6-орынға тұрақтады. Отандастарымыз халықаралық додада 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Балқан математикалық олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік алтылыққа енді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жарыстың алтын медалін Мұрат Тимур иеленді. Ол – Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы.

Күміс медаль Алиасқар Сұлтанәліге бұйырды. Ол Астананың Білім-инновация лицей-интернатынің 10-сыныбында оқиды.

Халықаралық білім бәйгесінде Қазақстан оқушылары 100% нәтиже көрсетті

Ал қола жүлдені Қазақстанның 4 оқушысы еншіледі. Атап айтқанда, Орынбасар БердібекАтырау облыстық Білім-инновация лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Батырхан БейгановРеспубликалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы қаласы), Али ЕркебұланұлыNurorda мектебінің 11-сынып оқушысы (Алматы қаласы) және Арнұр Ансатов№9 Білім-инновация лицей-интернатының 11-сынып оқушысы (Қызылорда облысы).

Қазақстан оқушыларының бұл жетістігі елдің математикалық білім беру деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды

Соңғы жаңалықтар