# Жансарай

Жансарай • 30 Қаңтар, 2026

Айтқали Жайымов, Қазақстанның халық әртісі: Халықтың шынайы ықыласынан артық құрмет жоқ

Есімі елге танымал болса да Айтқали аға – өте қарапайым. Болмысы бекзат. Ешқашан асып-таспайды. Алайда айтулы тұлғаның ұлттық өнердің дамуына қосқан үлесі мол. Бірнеше өнер ұжымын басқарды. Тамаша музыкалық туындылар жазды. Біз бүгін дирижер, композитор, профессор Айтқали Тілепқалиұлымен өмір жолы мен ұлттық музыка өнері туралы әңгіме өрбіттік.

Сұхбат • 26 Желтоқсан, 2025

Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді

– Қабылаш аға, биыл сексен­нің сеңгіріне шығыпсыз. Әлем­ сахналарында өнер көрсеткен қазақтың қаршадай ұлының балалық дәурені қалай өтті?

Сұхбат • 06 Желтоқсан, 2025

Ақыш ОМАР, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Актерді классикалық шығарма шыңдайды

Қазан айында елордадағы Қаллеки театрында Ақыш Қоңыртайұлының мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті. Сонда сахна саңлақтары белгілі актердің өнердегі табысы, ұстаздық қызметі, азаматтық келбеті жайын­да ағынан ақтарылып сөйледі. Айталық, өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази: «Ақыш жауапкершіліктің ұшар басында жүретін, сөзі мен ісі біріккен, таза жігіт. Талантты актер, білімдар ұстаз, кісілігінің төрт құбыласы түгел азамат» десе, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов: «Ақыштың тағы бір жақсы қасиеті – ол өзін-өзі дәріптеуден, насихаттаудан мүлде аулақ. Әйтпесе оның кез келген рөлі туралы үлкен мақала жазуға болар еді. Бірақ ол ешқашан өз-өзін мақтатпайды. Бұл қасиеті оның бүгінгі көптеген «жұлдызсымақтан» ерекшелеп тұрады», деп жылы лебіздерін білдірді. Шынында, танымал тұлғаның бойынан бір бекзаттықты байқайсыз. Ұстамды. Байыпты. Асып-тасығанын көрмейсіз. Үнемі бірқалыпта жүреді. Өнерде тындырғаны да көп. Біз бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының белді актері, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Ақыш Омармен өмір жолы мен бүгінгі театр өнері жайында әңгімелестік.

Қоғам • 21 Қараша, 2025

Майра Ілиясова: Дәстүрлі ән – ұлт рухының тірегі

Қашан көрсең де жайдары қалпынан бір танбайтын Майра апайдың мамыражай мінезіне үйренген біз, бұл жолы телефон шалып, сұхбат құрғымыз келгенін айтқанда: «Осы «Egemen Qazaqstan» журналистері маған өкпелі ме екен? Көптен бері хабарласпай қойды ғой» деп жүр едім, қоңырау соққаның жақсы болды», деп тұтқаның арғы жағынан назы мен ілтипатын қатар білдірген әнші кездесу орнын белгіледі. Сөзінің де, сазының да бабы келіскен өнер иесі шешіліп сыр ашты. Жансарайының сәулесімен көңілімізге көктем сыйлады. Өзі сияқты әңгімесі де әдемі әнші бүкпесіз ақтарылды.

Жансарай • 23 Қазан, 2025

Еркіндіктің елең-алаңындағы құжат

Өткен ғасырдың 90-жылдары жарты әлемге билігін жүргізген КСРО-ның көбесі сөгіліп, қуаты кеміп, қайраты қайтқаны күн өткен сайын біліне бастап еді. Керегесі қисайып, шаңырағы шайқала бастаған одақтан алғаш болып Балтық елдері ат құйрығын кесісіп шықты. Кезіндегі державаның дәрмені қалмағандықтан қалған одақтас республикалар да өз алдына ел болудың қамын жасай бастады. Алда не боларын болжап біл­месе де халықтың дені сол кездегі саяси үдерістерге аса елең­деулі еді. Осындай алмағайып кезеңде 1990 жылдың 25 қаза­нында «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» қабылдадық. Осы тарихи оқиғаға қатысқанымды ел алдындағы қызметімнің үлкен бір белесі сезінемін.

Жансарай • 20 Қазан, 2025

Жас буынға Алаш мұрасы түсіндірілді

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері елордадағы 73 мектептің 8-10 сынып оқушыларымен кездесті. Іс-шара – тарих пәнінің мұғалімі Гаури Жомартованың «Алаш заңгерлері: тәуелсіздік пен сабақтастық тақырыбын зерттеуде инновациялық әдістерді қолдану» атты авторлық бағдарламасы аясында маңызды кездесуге айналды, деп жазады Egemen.kz. 

Жансарай • 03 Қазан, 2025

Елімізге ықыласы ерекше

Костарикалық фотограф Әнел Кенжекеева – қазақ жұртының жиені. Ол биыл қазақ тамырларын іздеу жолында туған «Менің Қазақстанға сапарым» атты фотокітабын таныстырып, жерлестеріне нағашы жұртын әйгіледі.

Жансарай • 16 Қыркүйек, 2025

Майдангер журналист мерейі

Қостанайда қарт майдангер, ардагер журналист Қасымхан Алдабергеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Ардагермен кездесу кешінде мерейтой иесінің жауынгерлік ерлігі, өмір жолы, жыршылық өнері, ақын­дық шығармашылығы жөнінде тағылымды әңгіме айтылды.

Жансарай • 13 Қыркүйек, 2025

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ: Түркілер еуропалық данышпандардан ешқашан төмен болмаған

Дабырадан аулақ, үндемей-ақ үлкен істер атқарып жүрген интеллектуал ақын, ұлтжанды қазақ Мейірхан Ақдәулетұлы болмысы бізге ертеден таныс әрі жақын. Сирек сұхбаттасатын, көп «көріне» бермейтін ағамызды әңгімелеге тартып көрген едік.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика