Соңғы жаңалықтар
Оқиға • Кеше
Атырауда көпқабатты үйде өрт болып, 35 адам эвакуацияланды
Атырау қаласында Әхмедияров көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • Кеше
Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Қазгидромет 6 мамырға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрып кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Түркістан облысының Аден ата ауылында балабақшалардың бірінде өрт болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттен келген шығын 90 млн теңге деп бағаланды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • Кеше
Астанада «Нұрлы жол» маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты «Нұрлы жол» вокзалы маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеулер түнгі уақытта күшінде болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • Кеше
29 000 теңге: Қазақстанда FIFA World Cup 2026 монеталары сатылымға шықты
Елімізде FIFA World Cup 2026 чемпионатына арналған естелік монеталар сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • Кеше
Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат ережелері қатаңдайды. Енді кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады. Сонымен қатар, самокаттарға арнайы нөмірлік белгілер орнатылып, жол қозғалысы ережесін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл құқық бұзушыны нақты анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі ұйымдастырылады. Көрме 9 мамыр күні Отан қорғаушылар монументі жанында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Еліміздегі ең ірі жаңа кеме суға түсірілді. Ол Орал қаласындағы «Зенит» зауытында Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • Кеше
Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өсті
Қазақстанда банктер депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арттыра бастады. Кейбір қаржы ұйымдарында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 20,5%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Иранның шекара қызметі шамамен 200 мың литр жанармайды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Кеше
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
2026 жылғы 5 мамыр күні Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында өткен «Profi Day» мамандықтар жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жеткен мазмұнды әрі тағылымды іс-шара болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Олжас Бектенов: инвесторларды қорғауды күшейтіп, кедергілерді жою қажет
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы тосқауылдарды жою және шетелдік капиталды тарту жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы мергендер клубының базасында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Өскемендегі зауытта зардап шеккендерге көмек көрсету үшін елордадан дәрігерлер барады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазцинк» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • Кеше
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Өскемендегі «Казцинк» зауытында болған жарылыс салдарынан бес адам әртүрлі жарақат алды. Оқиға 5 мамырда таңғы сағат 08:15 шамасында металлургиялық пешті күтіп-жөндеу кезінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • Кеше
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы төлем берілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • Кеше
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алды. Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, әйелдер арасындағы «скит» жаттығуында топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • Кеше
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
5 мамыр күні Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың бағамы 465,01 теңгеге жетті, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • Кеше
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор, «Жер аманаты» партиялық комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Теміржанов соңғы 4 жылда 14,8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылғанын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр телеграм аранасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың мәліметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • Кеше
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
6, 7, 8 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктері тұрғындарға ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Елімізде декреттік төлемдерді алу тәртібі қатаңдатылмақ. Енді төлем алу үшін табыс көзін толық дәлелдеу талап етіледі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • Кеше
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Отан қорғаушылар күніне орай Астана қаласындағы «Tanym» көпфункционалды кешенінде «Шекарашы балақай» мульсериалының салтанатты таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Желіде ажырасқан жұптар неке куәлігін жыртуды трендке айналдырды. «Азаматтарға арналған үкімет» бұл әрекеттің дұрыс еместігін ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Өскемен қаласындағы «Казцинк» зауытында болған жарылыс пен өрттен кейін Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Әлеуметтік желіде «енді жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырудың өзіне айыппұл салынады» деген бейнеролик тарап, жүргізушілерді шатастырды, деп жазады Egemen.kz.