Ұлттық павильон Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ашылу салтанатына вице-министр Айбек Сыдықов, елші Ерболат Сембаев, биеннале президенті Пьетранджело Буттафуоко және өнер өкілдері қатысты.
Көрме Венециядағы Museo Storico Navale музейінің бес залында орналасқан. Экспозиция дыбыс, жарық және визуалды образдар арқылы жасалған ерекше иммерсивті саяхат ретінде ұсынылған. Жобаның кураторы – Сырлыбек Бекбота. Оның жұмысына композитор Әбікен Хасеновтің дәстүрлі «Қоңыр» күйі негіз болған.
Көрмеде Steppe Architectonics инсталляциясы, дыбыстық және цифрлық туындылар, сондай-ақ түйе жүнінен жасалған көркем жұмыстар қойылған. Авторлар жады, дәстүр және ұрпақтар сабақтастығы тақырыптарын өнер арқылы бейнелеген.
Биыл Қазақстан Ұлттық павильоны алғаш рет ашық конкурс арқылы іріктелген кураторлар мен суретшілердің қатысуымен дайындалды. Жобаның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ.
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрмені 2026 жылғы 9 мамыр мен 22 қараша аралығында Венециядағы Museo Storico Navale музейінде тамашалауға болады.