Тұлға • Кеше

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер тарту ететінін айтты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Қазақстанның халық әртісі, «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол актрисамен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер тарту ететінін айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

Продюсердің сөзінше, пәтер актрисаның қалауына сай, өзі таңдаған ауданнан алынады.

«Сіздей адам жоқ және болмайды. Сізге қалағаныңыздай пәтер сыйлағым келеді. Екі ай ішінде таңдап береміз. Сіз ең жақсы жағдайда өмір сүруге лайықсыз», деді Баян Алагөзова.

Кездесу барысында продюсер актрисаға бірегей үлгіде жасалған сырға мен бағалы тон да тарту етті.

Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады

Сондай-ақ Баян Алагөзова қоғамда қызу талқыға түскен «Қыз Жібек» кейіпкерінің аңызға айналған камзолын Меруерт Өтекешоваға табыстады.

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады

Бұған дейін Баян Мақсатқызы актрисаға ай сайын 1 млн теңге көлемінде өмір бойы зейнетақы төлеуге уәде бергені мәлім. 

Соңғы жаңалықтар