Медицина • Бүгін, 22:24

Енді науқастар ұзақ уақыт кезек күтпейді: Астанада алғашқы ревматология орталығы ашылды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада ревматологиялық ауруларды емдеуге арналған алғашқы мамандандырылған орталық іске қосылды. Жаңа нысан науқастарға стационарлық көмекті қолжетімді етіп, ұзақ кезек мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.

Енді науқастар ұзақ уақыт кезек күтпейді: Астанада алғашқы ревматология орталығы ашылды

Фото: Астана әкімдігі

Ревматология орталығы «Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар» орталығының базасында ашылды. Бұған дейін Астанада бұл бағытта арнайы стационар бөлімше болмаған.

Астана әкімдігі

Орталық басшысы Анна Цепкенің айтуынша, жаңа бөлімшенің іске қосылуы – қалалық денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам.

«Енді буын ауруларына шалдыққан науқастарға медициналық көмек әлдеқайда қолжетімді болады. Күту мерзімі қысқарып, заманауи ем-дом тәсілдері кеңінен қолданылады», деді ол.

Бұған дейін пациенттер ауруханаға жату үшін 6-7 айға дейін кезек күтуге мәжбүр болған. Соның салдарынан көп жағдайда науқастар тек шұғыл жағдайда ғана стационарға түсіп, базистік және гендік-инженерлік биологиялық терапияны дер кезінде алу мүмкіндігі шектелген.

Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, емдеуді ұзақ күту аурудың асқынуына және мүгедектік деңгейінің артуына әкелуі мүмкін. Жаңа орталық осы түйткілдерді жүйелі түрде шешуге бағытталған.

Орталықтың ашылуы мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттырып, ауруханаға жату және кеңес алу уақытын қысқартады, сондай-ақ заманауи емді дер кезінде тағайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аурудың асқынған түрлерін азайтып, дәрігерлердің мультидисциплинарлық тәсілді қолдануына жол ашады. Бұл өз кезегінде науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Ревматологиялық аурулар – буын мен бұлшық етті зақымдайтын созылмалы дерт. Мұндай сырқаттарды тиімді емдеу үшін ерте диагностика, тұрақты бақылау және заманауи терапияны уақытылы қолдану аса маңызды.

Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады

Соңғы жаңалықтар

Ширек ғасыр шекара шебінде

Мереке • Бүгін, 21:00