Заң • Бүгін, 09:55

18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында 18 жастағы студент Әди Чүкеевтің өліміне қатысты сот процесі басталды. Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында елордадағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған. Айыпталушылар орнында екі адам отыр, олардың бірі қылмыс кезінде құқық қорғау органының қызметкері болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды

Марқұмның анасы ұлының өлімінен әлі де ес жия алмай жүргенін айтып, айыпталушыларға ең қатаң жаза беруді талап етті. Оның сөзінше, Әди ауыр соққы алып, кейін көз жұмған.

Оқиғаның басталған сәті куәгерлер түсірген бейнежазбаға түсіп қалған. Алайда туыстары іс материалдарында басқа видео жоқ екенін айтады.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Резонанс тудырған іс таяуда сотқа жолданады

Әди Чүкеев 24 желтоқсанда 18 жасқа толған, ал үш күннен кейін қаза тапқан. Оның денесі мәйітханадан табылғанын ата-анасына үлкен ұлы хабарлаған.

Сот отырысы бұған дейін айыпталушылардың жүздерін жарияламау талабына байланысты кейінге шегерілген болатын. Осындай жағдай жаңа тыңдауда да қайталанды.

Марқұмның отбасы әр сот отырысына Аягөз қаласынан Астанаға шамамен 1200 шақырым жол жүріп келеді.

Соңғы жаңалықтар