Есірткі • Бүгін, 20:15

Қазақстанда есірткі бизнесімен айналысқан 76 шетел азаматы ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы төрт айдың ішінде есірткі қылмыстары үшін 76 шетел азаматы ұсталған, олардың ішінде 23-і есірткі сатқаны үшін, 3-еуі аса ірі көлемде сақтағаны үшін, 29-ы контрабанда дерегі бойынша жауапқа тартылған, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда есірткі бизнесімен айналысқан 76 шетел азаматы ұсталды

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде бірқатар қылмыстық схемалар әшкереленді.

Ақтөбе облысында есірткі бизнесін жүргізгендер 17 жылға сотталды

Шет мемлекеттердің бірінде іздеуде жүрген азамат Қарағанды қаласында синтетикалық есірткі өндіруді қашықтан ұйымдастырғаны үшін ұсталды.

Астанада жалдамалы пәтерде Еуропа елдерінің бірінің 32 жастағы азаматы құрықталып, оның есірткі жасырумен айналысқаны анықталды. Тінту барысында 1,5 келі синтетикалық және каннабис түріндегі есірткі тәркіленді.

Алматыда Шығыс Еуропа елдерінің бірінің 44 жастағы азаматы ұсталып, одан 1,2 келі «A-PVP» синтетикалық есірткісі алынған.

Ақтауда көрші мемлекеттердің бірінің 21 жастағы азаматы қолға түсіп, оның есірткіні жасыру тәсілімен таратқаны белгілі болды. 30 грамм «мефедрон» заңсыз айналымға жіберілмей, тәркіленді.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің сөзінше, есірткі қылмысы трансұлттық сипатқа ие, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Ел аумағы арқылы есірткі өндірісі мен транзитін ұйымдастырудың кез келген әрекеті заң шеңберінде қатаң тоқтатылады.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес: 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар

Ширек ғасыр шекара шебінде

Мереке • Бүгін, 21:00