Облыс
Энергетика • 26 Желтоқсан, 2025
Ақтаулықтар қақаған қыста жылудың жоқтығына шағымданды
Ақтауда 29-шағын аудан 23 үйдің тұрғындары қазан айынан бері тоңып отырғандарын айтып, жылу беруді талап етті. Айтуларына қарағанда, пәтерлерін электр пешпен жылытуға мәжбүр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Қолайсыз ауа райы мен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 26 желтоқсанда Қостанай облысының бірқатар қаласы мен ауданында оқушылар қашықтан оқу форматына ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
Екібастұзда жеке компания домофон тарифін негізсіз көтерген
Кеншілер қаласында биылғы мамыр айынан домофон қызметі үшін төлем 550 теңгеден 700 теңгеге өсіп кеткен. Монополияға қарсы ведомство тарифтің негізсіз көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 25 Желтоқсан, 2025
Расул Қоспанов: Президент өңірлік саясатқа басымдық береді
Қазақстан көршілес елдермен және барлық мүдделі мемлекеттермен достық қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Біздің мақсаттарымыз бен басымдықтарымыз өзгермейді. Бұл – елдің егемендігін нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталған міндеттерді жүзеге асыру. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында мәлімдеді. Президент өңір мен елдің дамуына қатысты, Қазақстан экономикасының сапалы өсіміне бағытталған бірқатар міндеттерді айқындады. Осы мәселелерді саяси сарапшы Расул Қоспановпен талқыладық.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатқа ие болды. Сонымен қатар Президент Алғысын жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Бүгін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көріп, облыс жұртшылығымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Президент фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездеседі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
Атырау көшелеріне майдангерлер мен полицейлердің есімі берілді
Атырау қаласындағы көшелер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер мен жұмыс кезінде көз жұмған полицейлердің есімімен аталатын болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2025
Абай ауданында халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағдарламалар аясында кеше 38 кезекте тұрған азамат жаңа қонысқа көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 24 Желтоқсан, 2025
Тасашылықтардың қуанышын тасытты
Биыл Кеген ауданында бірқатар жаңа нысандар ашылып, ел игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ
Маңғыстау облысында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, аса өзекті мәселелердің бірі – ауыз су тапшылығы шешілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-дағы брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Желтоқсан, 2025
Павлодарда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Кучуков Ермек Ербатырұлы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстаудың жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97%-ы жақсы жағдайда
Маңғыстау облысы – тиімді географиялық орналасуына байланысты көлік қозғалысының барлық түрі дамыған өңір. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97 пайызы жақсы жағдайда, бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіш. 2025-2026 жылдары өңірде жалпы ұзындығы 491 шақырымды құрайтын 16 жоба бойынша құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 23 Желтоқсан, 2025
Соңғы үш жылда Маңғыстау облысына 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған
Ағымдағы жылы Маңғыстау облысында жалпы құны 235 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба іске қосылып, 612 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 23 Желтоқсан, 2025
Павлодарда мемлекеттік құпия мәліметтерді жинаған колонияның бұрынғы басшысы сотталды
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Табиғат • 23 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асып жатыр
Ақтауда Каспий теңізінде теңіз албыртын өсіруге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауыл • 23 Желтоқсан, 2025
«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды
Бүгін Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жарияланған облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды
Жетісу облысында мал ұрлығы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Атырауда арнайы экономикалық аймақ инвесторлары кедергіге тап болған
Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ инвесторларының өндірістік нысандарына кіру мүмкіндігі шектелгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 23 Желтоқсан, 2025
Атырауда әйелін өлтірген күдікті 10 жылға сотталды
Атырау ерлі-зайыптылар алкогольдік ішімдікті ішкен. Кейін күйеуі әйелін ұрып өлтіріген, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 22 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды
Ақтөбе облысында осы жылы 31 елді мекенге газ құбыры тартылды. Тек желтоқсанның соңғы онкүндігінде жеті ауыл тұрғындары осындай игілікке ие болды. Олардың қатарында Байғанин ауданының Қаражар, Оймауыт ауылдары, Шалқар ауданының Алабас, Бершүгір және Сарысай ауылдары, Мәртөк ауданының Аққайың және Покровка елді мекендері бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорданың ескі автовокзалына қатысты қауесеттерге жауап берді
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қызылордадағы «Салтанат» ескі автовокзалы төңірегінде тараған қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілмейді
Қызылорда әуежайы вьетнамдық Sovico Group компаниясының басқаруына берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Қызылорда облысының әкімі желідегі тапсырыспен қойылған лайк пен пікірлер туралы айтты
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік желіде тараған, мектеп мұғалімдерін өңір басшысы туралы жазбаларға лайк басып, пікір қалдыруға мәжбүрлегені жөніндегі скриншоттарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Шалғайдағы Ақбастыға су жетті: Сыр өңірі ауыз су мәселесін толық шешті
Қызылорда облысы барлық елді мекендерін 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етті. Бұл жетістік пен аймақтағы өзге де ауқымды инфрақұрылымдық жобалар туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында аязда қалған шетелдіктер эвакуацияланды
Қостанай облысының Федоров ауданында түнгі уақытта республикалық маңызы бар Астана – Қостанай – РФ шекарасы автожолында жолаушылар автобусы істен шығып, ішіндегі адамдар эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 21 Желтоқсан, 2025
Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды
Алматы облысында қоғамның рухани дамуы, отбасы институтын нығайту және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне арналған «Ислам және отбасы құндылықтары» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
Қонаевта басты шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды
Қонаев қаласында тұрғындар мен қонақтарға ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі мерекелік шара өтті. Қысқы кештің шырайын келтірген салтанатты басқосуға биыл 15 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
«Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар арасында өткен «Достық-2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды, деп жазады Egemen.kz.