Шаруашылық • Бүгін, 15:00

Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Кең Дала 2» бағдарламасы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көктемгі егіс пен егін жинау науқандарын жүргізу үшін төмен пайызбен жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Бұл бастама Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінің қаржылық тұрақтылығын күшейтіп, шаруалардың жұмысын жүйелеуге жол ашып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?

2024 жылы «KOKSHE» ӘКК» АҚ 35 қарыз алушыға жалпы көлемі 11 млрд теңге несие берген. Ал 2025 жылы қаржыландыру қарқыны едәуір артты: қазіргі таңда 160 кәсіпкер 46,5 млрд теңге көлемінде қаражатқа қол жеткізді. Бұл өңірдегі агробизнестің белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді.

10 күнде жеңілдетілген несие: Үкімет бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеп жатыр

2026 жылға жоспар да ауқымды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «KOKSHE» ӘКК» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жыл сайын 35 млрд теңгеге дейін қаржыландыруды көздейтін кредиттік желі ашу жөнінде негіздемелік келісім жасасты. Бағдарламаның басты артықшылығы – жылдық 5% мөлшерлемемен берілетін несие. Сонымен қатар қарыз сомасының 85%-ына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді, бұл шаруалар үшін тәуекелді айтарлықтай азайтады.

Қазір Ақмола облысында егін жинау науқанына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Фермерлерге жанар-жағармай, тұқым, ауыл шаруашылығы техникасына қажетті қосалқы бөлшектер сатып алуға және жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге қаржы қажет. «Кең Дала 2» бағдарламасы осы шығындарды дер кезінде жабуға мүмкіндік беріп, шаруалардың өндірісті тиімді ұйымдастыруына жағдай жасайды.

«Жеңілдетілген несие алып беремін»: Астанада алаяққа үкім шықты

Нәтижесінде мыңдаған фермер өз шаруашылығын кеңейтіп, өнімділікті арттырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосады.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35