Фото: depositphotos.com
Брифинг барысында журналистер Жангелдин ауданында мұнай табылғаны туралы ақпаратқа қатысты сұрақ қойды.
«Мұнайды табу үшін алдымен перспективалық тұзақтарды анықтау қажет. Бұл – күрделі жұмыс, бірақ оны жүргізу міндет. Біздегі Солтүстік Торғай шөгінді бассейні өте ауқымды. Оның солтүстік бөлігінде көрші ел мұнай мен газ өндіріп жатыр. Сондықтан осындай нысандарды анықтауға мүмкіндік жеткілікті. Осыған байланысты Қостанай облысы аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жоспарлап отырмыз», деді Қанат Ерубаев.
Оның айтуынша, барлау жұмыстары 2026 жылы басталып, 3 жыл ішінде аяқталуы тиіс.
Мұнай өндірісі негізінен батыс өңірлерде шоғырланған. Ірі кен орындары мен негізгі инфрақұрылым Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында орналасқан. Қызылорда облысында да аз көлемде өндіріс бар.
Жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Қазақстан жылына шамамен 100 миллион тонна мұнай өндіреді, алайда соның тек 18 миллион тоннасын ғана өзіміз өңдейміз», деп, сұраныстың артуын ескере отырып, Үкіметке қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды жеделдетіп, жаңа зауыт салу жөнінде шешім қабылдауды тапсырғаны мәлім.
Мемлекет басшысы Үкіметке елдегі мұнай өңдеу зауыттарын жедел жаңғыртуды тапсырды