Фото: ҚМА
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес және Ордабасы аудандары аумағында орналасқан 3 жасырын цехтың жұмысы әшкереленіп, тоқтатылды.
Заңсыз өндіріс жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ұйымдастырылып, күн сайын шамамен 20 адам жұмысқа тартылған.
Тыйым салынған өнімдер еліміздің барлық өңіріне жүйелі түрде таратылып отырған.
«Заңсыз айналымнан 1 млн-нан астам дайын өнім, 30 тонна темекі, 2 млн қаптама пакеті, түрлі хош иістендіргіштер мен улы химиялық қоспалар, сондай-ақ өндірістік арнайы жабдықтар тәркіленді. Тәркіленген шикізат көлемі шамамен 60 млн дана темекі өнімін өндіруге жеткілікті болған», делінген агенттік таратқан хабарламада.
Сот санкциясымен заңсыз қызметтен түскен қаражатқа сатып алынған күдіктілерге тиесілі екі автокөлікті пайдалануға тыйым салынған.