Аймақтар • Бүгін, 11:42

Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды

Бұл – конституциялық реформаларды халыққа кеңінен түсіндіруге бағытталған жүйелі жұмыстың кезекті әрі маңызды кезеңі. Ұлытау облысының өңірлік коалициясының құрамына бес саяси партияның, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының, ардагерлер кеңесінің, өңірдің негізгі қоғамдық күштерінің өкілдері кірді.

Өңірлік коалицияның ашылуына Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы, облыстық Коалиция төрағасы, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия мүшесі Бауыржан Шыңғысов, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары Зина Ақылбекова, партия төрағалары мен коалиция мүшелері қатысты.

Бауыржан Шыңғысов Конституциялық реформа жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткендігін, 10 мыңнан астам өтініш келіп түскендігі жайында айтып өтті. Модератор, «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков бір айға созылатын түсіндірме жұмыстарынының жоспарымен бөлісті.

«Ауыл» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Абзал Жиенбаев, «Ақ жол» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Әлібек Исин, «Қазақстан Халық партиясы» Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Оразалы Бақырбаев бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады?

Өңірлік коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылымды, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарға толық сәйкес келетінін атап өтті.

15-наурызға белгіленген референдумға азаматтардың саналы түрде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұжымдарымен, сарапшылар қауымымен және тұрғындармен Коалиция мүшелері  түсіндіру жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Соның ішінде шалғай елді мекендер де бар. Себебі әрбір қазақстандық азаматтың дауысы аса маңызды.

Соңғы жаңалықтар

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00