Аймақтар • Кеше

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округіне қарасты шалғайда орналасқан Шайхана және Қарақалпақ елді мекендерін газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылы ақпан айында басталып, биылғы қаңтарда толық аяқталды. Нәтижесінде екі елді мекенде 207 абонент табиғи газға қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

Қазіргі таңда Сарыағаш ауданына қарасты 63 елді мекеннің 55-і табиғи газбен қамтылып, жалпы көрсеткіштің 87,3%-ын құрап отыр. Сонымен қатар 3 ауылды газбен қамту бағытында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 5 елді мекен бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде.

Бір жыл ішінде 123 елді мекен табиғи газбен қамтылды

Айта кетейік, еліміздегі жылыжайлардың 70%-ы орналасқан ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 385,8 млрд теңгені құраған. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі жыл қорытындысымен 137,2 млрд теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,5 млрд теңге көлемінде. Сондай-ақ негізгі капиталға 82,1 млрд теңге инвестиция тартылған.

«Бүгінде аудан бойынша жылыжай көлемі – 807,2 гектар. Өткен жылы ауданда құс фабрикасын кеңейту мен 4,3 гектар лимон өсіруге арналған жылыжай кешені мен жеміс қоймасы жобасы жүзеге асты. Сонымен қатар мал сою және экспортқа ет дайындау орны мен 1 000 басқа арналған мал бордақылау кешені құрылды. Ал 2026 жылы ауыл шаруашылығы саласында 5 000 бастық мал бордақылау алаңы мен 1 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, өсімдік майын өндіретін және құрама жем дайындау цехы ашылады», дейді Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев.

Сондай-ақ биыл ауданда жалпы құны 7,5 млрд теңге болатын минералды су құю зауыты, қыш шығару және күнбағыс майын өңдеу цехы, шағын су электр стансасы салынбақ.

Астанада тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталды

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар