Фото: ТЖМ
ТЖМ әскери қызметшілері мен құтқарушылары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қардың еруіне байланысты су басу қаупін азайту бойынша іс-шаралар жүргізді.
«Тұрғын жай секторындағы еріген судың аула аумақтарына кіруіне жол бермеу үшін құм толтырылған қапшықтар төселді. Сонымен қатар аула аумақтары судан, еріген қар суының кедергісіз ағуы үшін арық жүйелері тазартылды», делінген ТЖМ хабарламасында.
Алдын алу шаралары су тасқыны қаупін төмендетуге, тұрғындардың мүлкін қорғауға және көктемде қалалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Айта кетейік, 12 ақпан күні Жамбыл облысында ауа райы күрт бұзылып, қалың қар түсті. Аймақтың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысып, тасжолдарды қысқы жағдайда күтіп ұстауға 21 мердігерлік ұйым тартылып, 178 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.