Мониторинг нәтижесінде сауда компанияларының бірі тауық жұмыртқасын өндірушіден бір данасын 50 теңгеден сатып алып, оны жиырмадан астам фирмалық дүкенге 60-75 теңге аралығында сатқан. Сауда үстемесі 20-50%-ға дейін жетіп, рұқсат етілген шектен айтарлықтай асқан. Әкімшілік шаралар қолданылғаннан кейін жұмыртқа бағасы арзандаған.
Сондай-ақ жоспардан тыс тексеру барысында аймақтағы тағы бір ЖШС сары майды басқа серіктестікке жеткізіп, кейін ол өнімді жеті сауда желісі мен «үй жанындағы» дүкендер арқылы 40-61% сауда үстемесімен сатқан. Бұл көрсеткіштер де белгіленген шектен едәуір жоғары болған.
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі өндірушінің сату бағасының 15%-ынан аспауы тиіс. Аталған талапты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген, 2025 жылдан бастап айыппұл мөлшері көбейген», делінген сауда және интеграция министрлігі таратқан хабарламада.
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты да шаруашылық иелері жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалаған.
Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісу облысында тауар бағасын негізсіз көтеру бойынша 17 материал қаралып, жалпы жиыны 185 975 теңге айыппұл салынған.
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?