Қоғам • Кеше

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемi дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Ағымдағы жылдың 27 наурызы күні жүктіліктің 32 аптасында өмiрге келген сәбилерге Хадия, Дария және Жәния есімдері берілді.

Биылдан бастап елімізде балалы отбасыларға берілетін төлемдер артты

1210, 1470 және 980 грамм болып туылған шақалақтар екі ай бойы ана мен бала орталығының жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған арнайы күтім бөлімшесінде ем қабылдап, дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болды.

«Ұлттық қор – балаларға»: Биыл 7 миллионға жуық бала мұнай табысынан төлем алады

Мамандардың білікті көмегі мен заманауи медициналық күтімiнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы тұрақталып, салмақтары айтарлықтай артты. Яғни 2390, 3390 және 2060 граммға жеттi.

үшем2

Облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген  сәбилердi арнайы құттықтауға облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінiң басшысы Айгүл Асылбекқызы барып, үшем ата-анасына басқарма тарапынан арнайы сыйлықтар табыс еттi.

Соңғы жаңалықтар