Оқиға • Кеше

Бурабайда тауда адасқан 9 шетелдік турист құтқарылды

1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының құтқарушылары Бурабайда таудан түсе алмай қалған тоғыз шетелдік әйел туристке көмек көрсетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бурабайда тауда адасқан 9 шетелдік турист құтқарылды

Фото: ТЖМ

Мәліметке сәйкес, туристер таудан төмен түсу кезінде 750 метр биіктікте қиындықтарға тап болып, қауіпсіз бағытты өз бетімен таба алмаған.

«Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері келіп, жағдайды бағалап, тау учаскесінен қауіпсіз түсуді ұйымдастырды. ТЖМ ашық әуесқойларға маршрутты алдын-ала зерделеу, ауа-райының жағдайын ескеру, навигациялық құралдарды пайдалану және таулы жерлерге көтерілу кезінде өз күштерін асыра бағаламау қажеттілігі туралы ескертеді» делінген хабарламада.

Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды

Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖМ қызметкерлері Алматы тауларында жарақат алған шетелдік туристі құтқарған болатын.

Соңғы жаңалықтар