Спорт • Кеше

Зейнолла Ыдырысов спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

1 мин
оқу үшін

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы жарыстың финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Зейнолла Ыдырысов спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше тұтқалы ат снарядында Ұлттық құрама спортшысы Зейнолла Ыдырысов 2-орын алды. Ол финалда 14.133 балл жинады.

Осы жаттығуда тағы бір отандасымыз, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов бақ сынап, 7-сатыдан көрінді. Оның еншісінде 13.233 ұпай бар. Тұтқалы ат снарядының жүлдегерлері:

1. Матео Зугец (Хорватия, 14.166 балл)

2. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан)

3. Джошуа Натан (Ұлыбритания, 14.100 балл)

Ертең финалдық бәсекенің 2-күні. Онда ел намысын Роман Маменов қорғайды. Ол тіреніп секіру жаттығуында жүлдеге таласады.

Соңғы жаңалықтар