Оқиға • Кеше

Семейде үздік қазақы тазылар анықталды

1 мин
оқу үшін

Семей қаласында қазақы тазы тұқымын насихаттауға бағытталған тұқымдық байқау мен  монотұқымдық көрме өтті. Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастырған байқауға қазақы тазы тұқымынан 27 ит қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде үздік қазақы тазылар анықталды

Фото: Қазақстан кинологтар одағы

Монотұқымдық көрме тұқымдық куәлігі бар иттер арасында өткізіліп, жоғары тұқымдық атақтар мен марапаттар үшін бақ сынасты. Көрмеге барлығы 40 тазы тіркелді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қазақы тазының генетикалық қорын сақтауға, тұқым сапасын арттыруға және ұлттық мұраны дәріптеуге ықпал етеді.

«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Көрме қорытындысы бойынша тұқымның үздік өкілдері анықталды. Солардың ішінде үздік тұқым өкілі саналған DASTER тазысы 3-7 маусым аралығында Италияның Болонья қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

«Мұндай іс-шаралардың ерекше маңызы бар. Олар практикалық асылдандыру жұмысын және көрмелік бағалауды біріктіреді. Тұқымдық байқау стандартқ сәйкес келетін иттерді анықтап, есепке қоюға мүмкіндік берсе, монотұқымдық көрме тұқымның үздік өкілдерін көрсетуге, ит қорының деңгейін салыстыруға және жауапты өсіру мәдениетін қолдауға жағдай жасайды» делінген Қазақстан кинологтар одағының хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәл осындай байқау Меркіде өткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар