Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Хорватия Президенті Зоран Милановичті және оның отандастарын Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы хатта Қазақстан Хорватиямен ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және кең көлемді бағыттар бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті.

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал хорват халқына құт-береке тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті.

Соңғы жаңалықтар