Фото: istockphoto.com
Алдағы аптада М.Тынышбаев көшесінде А.Байтұрсынов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 30 мамыр мен 2 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
Мамандардың айтуынша, аталған аумақта орташа жөндеу жұмыстары мен жол жабынының жоғарғы қабатын жаңарту көзделген.
Осыған байланысты жауаптылар қала тұрғындары мен жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 25-29 мамыр аралығында елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектелген болатын.