Оқиға • Кеше

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы Федоров су қоймасында Үндістаннан келген екі студент суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

Фото: istockphoto.com

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза болғандар 2004 және 2005 жылы туған жастар. Құтқарушы-сүңгуірлер олардың денесін жағалаудан шамамен 15 метр қашықтықта бес метр тереңдіктен тапқан.

«Қайғылы оқиға болған аумақ суға түсуге арналмаған және демалушылар үшін қауіпті. Бұл жерде тереңдік күрт өзгеріп отырады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар су айдынының қауіпсіздігін сыртқы көрінісіне қарап анықтау мүмкін емес екенін еске салып, шомылу маусымысында сақ болуға шақырды.

Қостанайда 15 жастағы жасөспірім достарымен бәстесіп, суға батып кетті

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда 21 жастағы Үндістан азаматы жатақхананың бесінші қабатынан құлап, қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар