Фото: istockphoto.com
Қазақстан мектептерінде 1-4 сынып оқушылары мен жекелеген санаттағы жоғары сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі.
Мектептегі жеңілдіктерді нақты және ашық есепке алу үшін Цифрлық отбасы картасының мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылып келеді. Бұл жүйе мемлекеттік қолдауға мұқтаж балаларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар санитарлық қауіпсіздік стандарттары да күшейтілді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңартылған Кодекс аясында мектеп асханаларына проактивті мониторинг енгізілді. Бұл алдын ала ескертусіз тексерулер жүргізуге жол ашады.
Еске сала кетейік, бүгінде елімізде 1,8 млн-ға жуық бала тұрақты түрде спортпен айналысады.