Балалар • Кеше

Биылдан бастап елімізде балалы отбасыларға берілетін төлемдер артты

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ана мен баланы қолдауға бағытталған әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көпдеңгейлі жүйесі жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда балалы отбасыларға республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылардың бес түрі және әлеуметтік сақтандыру қорынан екі түрлі әлеуметтік төлем төленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылдан бастап елімізде балалы отбасыларға берілетін төлемдер артты

Фото: istockphoto.com

2026 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері индекстелді. Бірінші, екінші және үшінші бала дүниеге келген жағдайда 164 350 теңге көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Ал төртінші және одан кейінгі балаларға 272 475 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Сондай-ақ жұмыс істемейтін ата-аналарға бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайын бала күтімі бойынша жәрдемақы беріледі. Оның мөлшері балалардың санына байланысты белгіленеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін аналарға жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер мен салық жүйесі өзгерді

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де ұлғайтылған. Ал табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға қосымша атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Көпбалалы аналардың мәртебесін арттыру мақсатында «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлеріне өмір бойы ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Аталған шаралар отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланың әл-ауқатын арттыруға және еліміздегі демографиялық саясатты қолдауға бағытталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры декреттік төлемдерге бақылау күшейтілетіндігін мәлімдеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар