Спорт • Кеше

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі қола медаль жеңіп алды

1 мин
оқу үшін

Испанияның Понтеведра қаласында өткен әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екі қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі қола медаль жеңіп алды

Жүлдегерлердің бірі – Алдияр Рамазанов. Ол ерлер арасындағы техникалық бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 223,0833 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Бұл сында алтын медальді Филиппо Пелати жеңіп алса, күміс жүлде Энеко Санчес Агилар қоржынына салды. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Виктор Друзин жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетерлігі, бұл Алдияр Рамазановтың аталған турнирдегі екінші жүлдесі болды. Бұған дейін ол Ясмина Исламовамен бірге аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алған еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы халықаралық деңгейдегі беделді жарыста екі қола жүлде иеленіп, әртістік жүзудегі жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар