Қоғам • Кеше

Қосалқы стансадағы апаттың салдарынан Павлодар сусыз қалды

1 мин
оқу үшін

30 мамыр күні таңертең қосалқы стансадағы апатқа байланысты Павлодар қаласында ауызсу беру тоқтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қосалқы стансадағы апаттың салдарынан Павлодар сусыз қалды

«Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің мәліметінше, сағат 05:54-те «Атамекен» қосалқы стансасындағы апат салдарынан Оңтүстік су тарту стансасына баратын 110 кВ электр желісінде кернеу төмендеген.

Соның нәтижесінде шаруашылық-ауызсу жүйесіне қызмет көрсететін барлық сорғылар тоқтап, қалаға берілетін су қысымы айтарлықтай төмендеген.

Қазіргі уақытта сорғы қондырғылары қайта іске қосылды. Мамандардың айтуынша, су қысымын толық қалпына келтіруге шамамен екі-үш сағат қажет болады.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Соңғы жаңалықтар